БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ЕМТИХАН ТАПСЫРУЫ
Міндетті:
1. «Емтихандарды ұйымдастыру және өткізу ережесін» білуге;
2. Емтихан болатын аудиторияға емтихан кестесінде көрсетілген уақыттан 30 минут бұрын
келуге.
Кешіккен студент емтиханға жіберілмейді!
3. Жеке заттарды (сөмке, ұялы телефон, кітап, дәптер және т.б. заттарды (әртүрлі шпаргалкалар))
емтиханға мүлдем алып келмеуге;
4. Өзімен бірге тек көк түсті қаламсап (ручка), жеке куәлік, қосымша материалды* алуға;
5. Келу парағына қол қойып, емтихан қабылдаушы** көрсеткен орынға отыруға;
6. Емтихан қабылдаушы айтқан нұсқауларды мұқият тыңдап орындауға;
7. Емтихан қабылдаушыдан жауап парағын алуға;
8. Емтихан сұрағы түсініксіз болып немесе жауап парағында Өлшеу және бағалау секторының
мөрі болмаған жағдайда емтихан қабылдаушыға хабарлауға;
9. Жауап парағына тек көк түсті қаламсаппен (ручка) жазуға;
10. Қосымша жауап парағы*** керек болған жағдайда емтихан қабылдаушыдан алуға;
11. Емтихан сұрақтарына көрсетілген уақыттан ерте жауап беріп болған жағдайда емтихан
қабылдаушыға жауап парағын беріп, аудиториядан шығуға.
12. Білім алушы емтиханның сұрақтары дұрыс қойылмағандығы немесе сұрақтың, пәннің оқу
бағдарламасына сәйкес емес екендігіне сенімді болса, апелляциялық өтініш беру үшін жауап
парағында ол туралы жазба жазып қалдыруға.
Тыйым салынады:
1. Уақыт тәртібін бұзуға (кешігуге);
2. Шпаргалка, ұялы телефон (қосылған немесе өшірілген), кітап, дәптер және т.б. электронды
құрылғыларды пайдалануға;
3. Шулауға, сөйлесуге, емтихан қабылдаушының рұқсатынсыз орын ауыстыруға;
4. Жауап парағын басқа білім алушыға беруге;
5. Емтихан басталмай тұрып, жауап парағына жазуға;
6. Жауап парағында идентификациялық белгілерді (аты-жөнін, қолтыңба және т.б. күдік
тудыратын белгі) қалдыруға;
7. Жауап парағын көк түсті қаламсаптан (ручка) басқа (қара, қызыл, жасыл т.б.) қаламсаппен
(ручка) толтыруға.
8. Емтихан аяқталғаннан соң, жауап парағына жазуды жалғастыруға;
9. Емтихан жауап парағын өзімен бірге алып кетуге;
10. Аудиториядан емтихан басталғаннан кейін шығуға;
11. Емтихан қабылдаушы барлық материалдар жинап алғанша орнынан тұрып кетуге;
12. Емтихан аяқталғанына қарамастан жауап парақтарын өткізуге кедергі жасауға.
Жоғарыда көрсетілген ережелердің бір немесе бірнеше
пунктін бұзған білім алушы
Достарыңызбен бөлісу: |