41
түрлі саладағы орын алған жағдайларға байланысты және тапсырманы
шешу кезеңдерінің қаншалықты егжей-тегжейлі жазылғандығына
байланысты. Біз операцияның мазмұнына екпін қоямыз – ол процестің
құрылымдық бірлігі болып саналады.
Технологиялық процесс
—
мақсатқа қол жеткізуге апаратын
операциялар реті.
Бутерброд дайындау, бұйымдарды сұрыптау, контейнерлерді тиеу,
резервуарларды толтыру, заттарды белгіленген температураға дейін
қыздыру – мұның бәрі технологиялық процестер.
Кәсіпорындарда процестердің тағы да бір тобы бар, олар
өндіріспен тікелей байланысты емес, бірақ автоматтандыру көзқарасы
бойынша оларды технологиялық процесс ретінде қарастыруға болады.
Мысалы, бөлшекті тапсырылған температураға дейін қыздыру –
технологиялық процесс, бірақ дәл осы сияқты қалыпты температураны
ұстап тұруды өндірістік ғимараттарда қамтамасыз етуге болады.
Дискретті атқарушы механизмдердің жағдайын бақылау (ашу-жабу) –
технологиялық процестің элементі, бірақ осы қағидамен ғимаратты
күзету жүйесін ұйымдастыруға болады (тек өндірісте ғана емес, тұрғын
үйлерде де).
Бұл мысалдар шығармашылық тәсіл жасау барысында өндірісті
автоматтандыруды оқу кезінде алған білімімізді өміріміздің барлық
аймақтарында, сонымен бірге, өндіріске еш қатысы жоқ болса да
қолдануға болатындығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: