Публицистикалық стильдің де өзге стильден басты айырым белгісі
болады. Публицистика тілі өрнегіне енген сөз, тілдік амал-тәсілдер
бағалауыштық сипатта болады.
Әдеби тілдің өзге салаларына қарағанда газет-журнал тілінде
жағымды реңдегі сөздер (
ұстаз, диқан, еңбеккер, ғарыш, шамшырақ,
түлектер, еңбек ардагері, азаткер
т.б.) сондай-ақ жағымсыз реңдегі
(басқыншылар, итаршы, қанқұмар, қаскөй
т.б.) сөздер аса жиі
қолданылады. Газет тілінің бұлай болуы себебі түсінікті де, өйткені газет
үні ерекше. Ол қоғамдық өмірдегі озық дәстүрлерді, игілікті істерді жай
ғана жазып қоймайды, аскақ үнмен дәріптей отырып жұртшылық
жүрегіне жеткізе айтады. Келеңсіз жайларды жай атап өтіп қана
қоймайды, аяусыз сынап, өлтіре түйрейді. Жұртшылыққа бұлай әсер ету
үшін газет тілі әдеби тілдегі жағымды, жағымсыз реңдердегі сөздермен
фразеологизмдерді молынан пайдалана отырып, өзі де бейтарап сөзге
тыңнан рең дарытады.
Газет тілі үшін бағалауыш сөздер (жағымды, жағымсыз реңдегі
сөздер) ауадай қажет.
Сұхбат
тәрізді кейбір сөздер қазіргі кездің өзінде-
ақ бейтарап реңнен жағымды реңге көшіп келе жатқандығын байқау
қиын емес.
Сұхбаттасу
– әңгімелесу деген мағынаны білдіреді. Бірақ
сұхбаттасты
дегенді жай ғана тілдесу деп ұқпаймыз. Келелі мәселе
көтеріп, терең пікір қозғаған, тартымды да әсерлі әңгімені
сұхбат
деп
түсінеміз. Қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, өнер
майталмандарымен болған әңгімеге қазір газеттеріміз
сұхбат
деп айдар
тағып жүруі де бұл сөздің жағымды рең алып келе жатқандығының
көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: