Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет112/196
Дата15.03.2023
өлшемі32,77 Mb.
#172634
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   196
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—17 в 17.53.40

6. Жердi пайдалану мәселелерi.
Қазақтардың 
қоныстанған жер лерi мемлекет меншiгi саналды. 
Ол жерлер қазақтарға қоғамдық пай далану құқығы 
негiзiнде ғана берiлдi. Жаңа реформа бойынша ор-
мандар да мемлекет меншiгi деп жарияланды. 
Қазақтарға жерлерiн Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен 
қоныс ауда рып келген орыс шаруаларына белгiлi бiр 
мөлшерде жалға бе руiне рұқ сат етiлдi. Ал мұның өзi 
олардың ежелден келе жатқан атамеке нi нен айыры-
лып, өздерiнiң жерсiз қалуына жеткізді.
Қоныс аударып келген орыс шаруалары бiрқатар 
елеулi же ңiл дiк тердi пайдаланды. Мәселен, олардың әрқайсысы уездiк 
билiк орындарынан үй салып алу үшiн жер телiмiн, сондай-ақ құрылыстық 
ағаш материалдарын тегiн алды. Олардың сауда-саттықпен, қолөнер 
кәсiбiмен, өнеркәсiптiк қызметпен және егiншiлiкпен емiн-ер кiн айналысу 
құқығы болды.
Орта жүздiң ауыл старшындары мен би-болыстары. Омбы, 1891 жыл
ойлан!
Балалар арасын-
дағы өлімнің көп 
болуы тек дәрігер-
дің жетіспеушілігі-
нен болды ма?
Болжам жаса
Көшпелілерді 
отырықшы шаруаға 
айналдырудың 
нәтижесіздігі немен 
байланысты еді?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


121
7. реформаның отаршылдық сипаты.
Реформаның жалпы алғанда
отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге 
қосып алу үрдiсiнiң толық аяқтал ғанын көрсеттi. Қа зақ стан ның кең-байтақ 
жерi Ресейдiң мемлекеттiк меншiгiне өттi. Патша үкiметi бұдан былай 
қазақтардың жерiн кез кел ген сыл таумен оп-оңай тартып ала беретiн 
болды. Мұның ақыры дала тұр ғын дарының ежелгi атамекен жерлерiнен 
айырылып қалуына, құнарсыз, тұзы бетiне шығып жатқан сор таң жер-
лерге ығыстырылуына әкеліп соқты. Құнарлы жерлер iшкi Ре сейден 
қоныс аударып келген орыс шаруалары мен казактар ға, ше неунiктерге 
үлестірілді. Патша үкiметi Қазақстанның таби ғи бай ре сурстарын барын-
ша пайдаланды.
Сұлтан тобын басқару жүйесiнiң орта және 
жоғары буынынан то лық ығыстырып шығаруы қазақ 
халқын құқық атаулыдан жұрдай то бырға айнал-
дырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттiлiгiнiң ең 
соң ғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс 
және ауыл старшы ны деген ең төменгi дәрежедегi 
қызметтер ғана тидi. Олардың уезд басты ғы, әскери 
губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкiмшiлiк 
қызметтерге барар жолы заң жүзiнде бiржола жабылды. 
Жаңа мiндеттi борыштар мен алым-салық түрлерiнiң еселеп енгi зiлуi 
қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жi бердi. Болыстар ды, 
ауыл старшындарын, сондай-ақ олардың толып жатқан шабармандарын 
ұстауға жұмсалатын қаржы да ха лықтан жыл сайын қо сымша жиналып 
алынды. Әртүрлi қажеттіліктерге жұмсау үшiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет