Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет186/196
Дата15.03.2023
өлшемі32,77 Mb.
#172634
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   196
Байланысты:
Снимок экрана 2023—01—17 в 17.53.40

ҚОрыТыНды
Қымбатты оқушылар! 
Мiне, сендер Қазақстанның жаңа тарихы курсын оқып бiтiр дiң дер. ХVIII 
ғасырдың бiрiншi жартысы қазақ халқы үшiн аса ауыр заман болды. Қазақ-жоңғар 
соғысының қиын-қыстау жағдайында Қа зақ стан бiрте-бiрте Ресей империясының 
отарына айнала бастады. Патша үкiметi әскери-саяси күш көрсету арқылы 
Қазақстан аумағын қол астына қаратты. Қазақ мемлекеттігi тәуелсiздiгiнiң 
символы са на лып келген Шыңғысхан ұрпақтары билiк басынан бiрте-бiрте шет-
тетiле бастады.
ХVIII ғасыр сонымен қатар Абылай ханның тұсында Қазақ хандығының 
күшейген кезi болды. Абылай хан жоңғар басқын шы ларына соқ қы берудi 
ұйымдастырушылардың бiрiне, әрi жеңiмпаз жетекшi сiне айналды. Ол Қазақ 
хандығын дүниежүзiнiң аса iрi алпауыт мем лекеттерi Ресей мен Қытайға тәуелдi 
болудан аман сақ тап қалды. Алайда 
1822–1824 
жылдары Кiшi жүз бен Орта жүзде 
хандық билiк жойылды. Жәңгiр ханның қайтыс болуына байланыс ты хандық 
билiк Бөкей хандығында да жойылды.
Қазақстанды отарлау үрдiсiн жеделдету үшiн патша үкiметi Ре сейдiң басқару 
жүйесiн енгiзе бастады. Мұның өзi қазақ халқының наразылығын туғызды. Ол 
наразылық қазақтың Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресiне ұласты. 
ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Қазақстан Ресей импе риясының 
түпкiлiктi қалыптасқан отарына айналды. Патша үкiметi аграрлық саясатының 
отаршылдық бағыты жергiлiктi халық пен Ре сейден қоныс аударып кел-
ген шаруалардың сан жағынан арақаты насын бiрте-бiрте түбегейлi өзгерттi. 
Қазақтардың мал өсiру кәсiбi бар ған сайын тоқырауға ұшырады. Патша үкiметi 
қазақтың ежел гi атақоныстарын, шұрайлы жерлерiн ашықтан-ашық тартып ала 
бастады. Шаруалардың басыбайлы бағынышты болуы туралы тәр тiп жойылғаннан 
кейiн патша үкiметi Ресейдiң еуропалық бөлi гiн дегi шаруаларды Қазақстанға 
жаппай қоныс аударту саясатына көш тi. Қазақстанның жерiн мемлекеттiк 
меншiк деп жариялады, оның ең таңдаулы және құнарлы аймақтарын барып 
тұр ған озбырлықпен қазақтан тартып ала бастады. Елдiң шикiзат байлығын та-
ғылық жыртқыштықпен талан-таражға салып, тасып әкеттi. Көшпелi халықтың 
бiр бөлiгi мал жайылымын, сондай-ақ қо сымша күнкөрiс қамымен жұмыс iздеп, 
Ресейдiң шегаралас губерниялары мен Қытай аумағына қоныс аударуға мәжбүр 
болды. Ал ол жақта жердi жалға алып күн көру жүйесi қалыптасты.
Бұл кезде бұқара халық жаппай кедейленiп, қайыршылық халге душар болды. 
Мұның өзi қазақ халқының ең ауыр кезеңдi басынан кешiруi едi. Алым-салық 
мөлшерi мен түрлi мiндеттер атқарудың көбейе тү суi, атамекенiндегi ежелгi 
жерлерiнiң тартып алынуы қазақ халқының жағдайын нашарлатты.
Басқа да кез келген империялар сияқты, Ресей империясы да Қа зақстанға 
бiрқатар елеулi өзгерiстер ала келдi. Қалалар салуды арт тырудың қарқынды 
үрдiсi қалыптасты. Темiржолдар салына бас тады. Мектептер мен ауруханалар 
ашылды. Осы кезеңде ресейлiк, ше телдiк және қазақ ғалымдары Қазақстанды 
ғылыми тұрғыдан бел сендi түрде зерттей бастады. Қазақ өлкесiнде зайырлы мек-
тептер құрылды. Сондықтан да екi ғасыр тоғысында жергiлiктi қазақ халқы ның 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


202
арасынан аса көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерлерiнiң бiр тұтас тамаша 
шоғырының бой көрсетуi кездейсоқ нәрсе емес едi.
Қазақ халқы жоңғарлар сияқты жер бетiнен жоғалып кет кен жоқ, қайта барлық 
қауiп-қатерлер мен қиын-қыстау сын са ғаттарды ерлiкпен әрi төзiмдiлiкпен баста-
рынан кешiре отырып, ұлт-азаттығы жолында күреске шықты. Ғажайып ерлiк пен 
өмiршеңдiктiң тамаша үлгiсiн көрсете бiлдi. Халықтың бiртуар перзенттерi – аса 
көр нектi мемлекет қайраткерлерi Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, 
Кенесары хан, қазақ батырлары Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Сырым, Исатай, 
Махамбет, Жоламан, Жанқожа, Есет, халық ағарту шылары Абай Құнанбайұлы, 
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және басқа да қоғам қайраткерлері бүкiл 
ұлтты басқарудың басы-қасында болды. Олар қазақ халқының тарих сахнасынан 
жо йылып кетпеуi үшiн қолдарынан келгенiнiң бәрiн де жасады. Қазақстан бүгiнгi 
таңдағы мемлекеттiк тәуелсiздiгi мен ұлттық еге мендiгiне солардың өнегелi өмiрi 
мен жанқиярлық жасампаз еңбегi арқасында қол жеткiздi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет