Айырша без
Айырша без - тимус көптеген бөлікшелерден тұратын қос без.
Төстің
ішкі бетінде, жүрек ұясының (ортаңғы қабырғаның) үстіңгі
жағында орналасқан. Астыңғы жағы жүрек қабы - перикардпен,
артқы жағы ірі-ірі қан тамырлармен шектескен. Айырша безін
көзбен көріп, қолмен ұстау қиын, сондықтан ол ойдағыдай
зерттелмеген. Без екі - қабық және ми қабаттардан тұрады.
Онда екі түрлі жасуша бар - лимфоид жасуша (ұсақ
микроциттер) негізінен қабық қабатта, торлы жасуша астыңғы
қабатта орналасқан. Олар бірігіп селдір торға айналады, торда
лимфоциттер орналасады.
Бүйрекүсті бездері
Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында
орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 г.
Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты
қабат без салмағының 4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып
жатыр.
Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және
қызметі жағынан әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы
ерекше.
Жыныс бездері
Жыныс бездері - гонадалар (грекше gone - пайда болу, aden
- без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың
сыртқы сөліністік қызметі - жыныс жасушаларын
(гаметоцитгерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі
ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі
аналық безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Демек,
жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі - көбею немесе
репродуктивтік қызметі. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін
эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс
белгілерін ажыратуынан (диференция) бастап, ұрықтың пайда
Достарыңызбен бөлісу: |