Тақырып 7 Жасаған: тфп 040—2022 Тексерген: Джамиль Абуов от кафедрасы Казнму



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата22.03.2023
өлшемі326,95 Kb.
#172918
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тақырып 7. 040к-2022



Тақырып 7
Жасаған: ТФП 040—2022 
Тексерген: Джамиль Абуов
ОТ кафедрасы КазНМУ
Өндірістік шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс. Шуылдың 
есту ағзасына әсері, нерв, қантамырлары және 
организмнің басқа жүйелерінің функциялық жағдайы. 
Гигиеналық нормалау және алдын алу шаралары. 
Өндірістік діріл. Дірілді гигиеналық нормалау. Өндірістік 
діріл көздерін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау 
және оның жұмысшылардың организміне зиянды әсерінің 
алдын алу шаралары.


Жоспар

Өндірістік шуыл, діріл, инфрадыбыс, 
ультрадыбыс;

Шуылдың адам ағзасына әсері;

Өндірістік шуды гигиеналық нормалау;

Өндірістік діріл;

Өндірістік дірілді гигиеналық нормалау;

Алдын алу шаралары.


Ультрадыбыс
—
Ультрадыбыс
– адам құлағы естімейтін, жиілігі 20 
кГц артық серпімді тербелістер мен толқындар. 
Ультрадыбыстың әсері кезінде газ тәрізді және 
сұйық орталардың шекарасында газдың немесе 
будың көпіршіктері пайда болады, олар 
жарылғанда тіндердің бұзылуына әкеп соғатын 
көп мөлшерде энергия бөлінеді (кавитация 
құбылысы). Ультрадыбыстың қатты денелерден 
өтуі кезіндегі әсері жоғары жиілікті дірілдің пайда 
болуымен байланысты. 


—
Ультрадыбыс халық шаруашылығында кеңінен 
қолданылады. Төмен жиілікті ультрадыбысты тербелістер 
(100 кГц дейінгі) жанаспалы жолмен және ауа арқылы 
таралады, материалдарды тазарту, зарарсыздандыру, 
дәнекерлеу, механикалық және термиялық өңдеуде, 
аэрозольдерды коагуляциялауда, медицинада 
(хирургияда, стерилдеу үшін және т.с.с) қолданылады, тек 
жанасу жолымен таралатын 
жоғары жиілікті 
ультрадыбыс 
(100 кГц- 100 мГц) затты бұзбай ішіндегіні 
бақылау және өлшеу үшін, медицинада диагностика және 
емдеу мақсатында қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет