Н ПРО БҚМУ 703-03-2022. Силлабус (Бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура). Алтыншы басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-03-2022. Силлабус (Бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура). Издание шестое.
F PRO WKMU703-03-2022. Sillabus (Bachelor's program, internship, residency, Master’s and Ph Doctor Degrees).Sixth edition.
1. Кіріспе
Химия іргелі ғылым және тірі жүйелердегі үдерістерді зерттеу және танудың қуатты құралы
болып табылады.
Химиялық құбылыстар қоршаған ортада жүріп жатқан үдерістердің негізінде жатыр.
Сонымен қатар олар макроскопиялық және, әсіресе, жасушалық-молекулалық және атомдық
деңгейде жүріп жатқан адам организмінің тіршілігіндегі үдерістердің негізі. Осыдан студенттердің
оқу жылдарында алған медициналық білімдерінің негізінде терең химиялық білім жатыр. Бұл
білімдер болашақ мамандарға адам организміндегі жүйелердің қызметі туралы базалық
көзқарастарды қалыптастыруға және осы көзқарастарды практикада тиянақты түрде қолдануға
мүмкіндік береді.
Заманауи медицинаның ерекше өзгешеліктеріне тірі организмнің қызметтерін зерттеудің
теориясы мен практикасына химияның жетістіктерін белсенді түрде ендіру жатады.
Гормондар мен дәрумендердің жеткіліксіздігіне байланысты сырқаттарды терапиялық емдеу
үшін клиникалық медицинада қазіргі заманғы химия қосылыстың химиялық құрылымы мен оның
фармакологиялық әсері арасындағы қатынасты қорытындылау теориясы негізінде жаңа дәрілік
препараттар жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: