171 флеш-жад (ағыл.
flesh – жарқыл) – жазылған деректерді есте
сақтай алатын микросхема (чип) түрінде жасалған
жад түрі. Мәліметтерді өшіру электр разряды арқылы
орындалады да, оған қайта жаңасын жазып, ұзақ уақыт
сақтауға болады. Қазіргі кезде флеш-карта (flesh-cards)
түрінде жасалған флеш-жад кез келген компьютерде,
цифрлы фотокамераларда пайдаланылады. Флеш-
картаның кең тараған нұсқасын шығарған Memory-
Stіck 1998 жылдан бастап «Sony» фирмасында шығарылды
хабардың ақпараттық көлемі бит немесе байтта өлшенетін ақпарат ұзындығы
циклдік алгоритм бастапқы қойылған шарт орындалғанша қайталанатын ко-
мандалар тізбегін көрсететін алгоритмдік құрылым. Цикл-
дер көмегімен программа жазу программа жазу процесін
жеңілдетеді
RAM (ағыл.
Random Access memory ) – ерiктi жету жады. Жедел
жад – программалар өңдейтiн деректерді жазу, оқу мен
сақтауға арналған кішігірім көлемдегі жылдам сақтау
құрылғысы
КЭШ (ағыл.
сach ) немесе асқан жедел жад – шағын көлемдi өте
жылдам сақтайтын құрылғы
ROM (ағыл.
Read Only Memory ) тек оқуға арналған жад, ол
компьютер батареясынан қоректенеді. Өзгертудi қажет
етпейді. ROM тұрақты жад құрылғысы (ТЖҚ) деп те атала-
ды. Бұл жадтағы ақпарат оған зауытта орнатылады. ТЖҚ-
дан тек оқуға болады. Ең алдымен тұрақты жадқа процессор-
дың өз жұмысын басқару программасын жазады
Wi-Fi (ағыл.
Wireless Fidelity ) – сымсыз дәлдік. Wi-Fi технологиясы
заманауи компьютерлік байланыс саласындағы болашағы
зор технологиялардың бірі болып есептеледі
Excel электрондық кестелерден тұратын программа. Excel про-
граммасы – сандық ақпараттарды өңдеу ортасы. Программа-
ның жұмысын калькуляторға ұқсатуға болады, бірақ
оның мүмкіндіктері жоғары. Программаның көмегімен
бухгалтерлік, экономикалық және статистикалық
есептерді дайындауға, әртүрлі есептерді шешуге, сондай-ақ
диаграммаларды жасауға болады
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217