28
Желілер топологиясы
Шина
желі топологиясы. Мұнда негізгі
байланыс ретінде бір ғана кабель қолданылады.
Осы кабельге жеке-жеке бірнеше компьютер
жалғанады. Шина ретінде коаксиалды кабель-
дер қолданылады. Желінің құрылысы қара-
пайым, алайда мұндай желінің кемшілігі –
шинаның бір жері үзілсе, компьютерлер өзара
байланысын жоғалтады.
Сақина
тәріздес желі топологиясы бір-
біріне тізбектеліп жалғанып, жабық шеңбер
құрайтын бірнеше компьютерден тұрады.
Желіде сигналдар бір бағытта беріледі. Ком-
пьютер көрші компьютерден алған сигнал-
ды күшейтіп, өзінен кейінгі компьютер-
ге жеткізеді. Орнатылуы өте қарапайым.
Кемшілігі – желідегі компьютердің біреуі
істен шықса, желі де жұмысын тоқтатады.
Жұлдыз
желі топологиясы. Желіні бұлай
ұйымдастыруда компьютерлер бір-біріне тіке-
лей жалғанбай, желілік бейімдеуішке (адаптер)
жалғану арқылы байланысады. Желідегі бір
компьютер істен шыққанмен, басқалары өзара
байланысын жоғалтпайды. Желіні осылай жал-
ғау арзан әрі тиімді. «Жұлдыз» желі топология-
сы – бүгінде ең көп қолданылатын әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: