Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi


Кестені біртекті деректермен автоматты толтыру



Pdf көрінісі
бет48/115
Дата30.03.2023
өлшемі8,16 Mb.
#173366
түріКнига
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115
66
Кестені біртекті деректермен автоматты толтыру
Excel-дегі 
Автотолтыру 
қызметі – кестені сандармен толтыруға, 
формулаларды автоматты қолдану мен есеп жүргізуге өте ыңғайлы 
функция.
Автотолтырудың 3 жағдайда қолданылуы
1. Баған немесе жолдардың ұяшықтарын бірдей деректермен 
толтыруда қолданылады. Мысалы, 500, 500, 500, 500, ...
2. Баған мен ұяшықтарды белгілі бір интервалдағы санмен 
толтыруда қолданылады. Мысалы, тақ сандармен ұяшықтарды тол-
тыру: 1, 3, 5, 7, 9...
3. Қатар тұрған ұяшықтарда бір формула көмегімен автоматты 
түрде есептеулер жүргізуде де автотолтыру қолданылады. Мысалы, 
белгілі бір есептеуді орындау үшін, бір ғана ұяшыққа формула жазу 
жеткілікті. Қалған ұяшықтарға формуланы 
автотолтыруды
қол-
дану арқылы жылдам есептеуге болады. 
 «Автотолтыру» 
қызметінің көмегімен Excel-де сан, күн, 
тоқсан тізімін дайындауға болады.
Ай, апта, күн тізімін енгізу тәсілі
1. Ұяшыққа бірінші элементті енгіз де, 
Enter
-ді бас немесе 
формула жолындағы енгізу батырмасын бас. 
2. Тінтуірдің көрсеткішін басқарушы элементке қойып, оны 
сол жақ төменгі бұрышынан төменге қарай жылжыт. 
3. Тізімге кіретін барлық ұяшық көкшіл түспен ерекшеленеді, 
бірінші ұяшықтағы дерек немесе мән ақ түсте қалады 
(1а) сурет).
4. Тінтуірдің батырмасын босатып, тізімді дайындауды аяқта 
(1ә) сурет).
Мәтіндік формат 
мәтіндік жолдармен және цифрлармен көр-
сетілген сандық емес деректерді жазу үшін қолданылады. Бұлар-
ға тіркеу нөмірлері, поштаның индексі мен телефонның нөмірі 
жатады.
Әдетте кестелер қайталанатын біртектес деректен тұратын-
дықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын өз 
құралдары бар. Оларға автотолтыру және формулалармен авто-
толтыру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет