«Махамбет-өр рухты тұлға»



Pdf көрінісі
Дата04.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#173741
Байланысты:
«Махамбет-өр рухты тұлға»



«Махамбет-өр
рухты тұлға»
А М А Н Д А У Л Е Т О В А А Я У Л Ы М



 Өзектілігі
: Қазіргі жастардың бойындағы патроиоттық сезімнің сөніп бара
жатқаны бәріне белгілі.Көп жастардың бойында патриотизмнің маңызы мен
құндылықтарының қалыптаспағаны – үлкен мәселе болып отыр.Тәуелсіз жаңа
мемлекет болып қалыптасып келе жатқан соң,халық санасынан бұрыңғы
идеологияларды өшіріп,жаңасын құру қажет.Сол сезімді тұтандыру
үшін,еліміздің тәуелсіздік жолында күрескен батырларымыздың ерең еңбегің
айтуымыз керек.Тақырыбымның өзектілігі осында.
Мақсаты:
 Еліміздің Тәуелсіздік жолындағы күресушілердің ерлігін ұрпақтың
тарихи санасында қалыптастыру.Махамбеттей еркіндік жолындағы күрескердің
қаһармандығын таныту арқылы патриоттық сезімді ояту.Елі үшін түн қатқан
батырдың халық алдындағы қадірінің қандай екені жан – жақты талдап,түсіндіру.
Міндеттері
: Махамбет Өтемісұлының өмірімен танысып,талдау.Махамбет
Өтемісұлның ерліктерін ұғынып,аудиторияға жеткізу.



Махамбет - көшпелiлер өркениетiнiң осынау
жарық дүниемен шырқырап қоштасқан соңғы
үнi. Жалына қол тигiзбейтiн көшпелiлердiң қыл
сағағын тарих тұзағы қылғындырған сәтте асау
рухы Махамбет болып тұяқ серiпкендей. Қазақты
ұлт ретiнде даралап, тарих сахнасына шығарған
көшпелiлер мәдениетiнiң буырқанып келiп
жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет
сияқты. Шыны да сол. Егер, қазақ халқының
рухани үрдiсiн кең аяда тарихи құбылыс ретiнде
елестетер болсақ, онда Қорқыттан Асанқайғыға
дейiн,Асанқайғыдан Махамбетке дейiн,
Махамбеттен Абайға дейiн, Абайдан бүгiнге
дейiн деп төрт кезеңге бөлуге болар еді
 

Махамбет Өтемісұлы
(1803-1846)


Махамбеттің батырлығының нақты дәлелі ретінде із қалдырған оқиға –
Исатай Тайманұлымен бастаған 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық
көтеріліс.Юлиус Фучиктің мынандай сөзі бар: «Батыр − ол адамзат
қоғамының мүддесі үшін, сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті
жасай алатын адам».Дәл осы нақыл сөз Махамбет батырға сай келеді деп
есептеймін.Себебі,1836-1838 жылдардағы көтеріліс халқымыздың
көпғасырлық тарихының ең жарқын беттерінен саналғаның бәріміз білеміз.
Елдің жадында Исатай – Махамбет көтерілісі деген атпен белгілі бұл
көтеріліс ел шегіндегі, халықтың өз ішіндегі одан бұрынғы да, одан кейінгі
де талай қозғалыстар қатарында еңбекші халық мүддесін көздеген таптық
сипатының айқындығымен ерекше тұр.Міне,дәл осы қозғалыс Махамбеттің
батырлық даңқы гүрілдеп,ақындық жұлдызы жарқырай түскен кез.




Қорытынды.
Махамбет - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы.оның
өзінде жеке бастың өмірі болмаған, өмірі өнеріне көшіп кеткен де қасиетке
айналған жеке тіршілігінде тек қасірет қана қалған. Өзін ойламаған, өзге жайын
– ел қамын ғана ойлаған. Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп, ылғи ғана
«ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі –
елінің ертеңі, дәлірек айтқанда, - біздің бүгінгі күніміз – азат Қазақ мемлекетінің
көздегені еді. «“Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді” деген қазақта сөз бар.
Халықты ұлт-азаттық көтеріліске бастаған Махамбет батырдың һәм ақынның
рухты жырлары, азат ойлары өлген емес. Арадан 1,5 ғасырға жуық өткен соң
Махамбеттің “ұлы арманы” орындап тәуелсіздікке жеттік. Әлемде шекарасы
айқын, бағыты нақты азат елге айналдық.» деген пікірмен баяндамамды
аяқтағым келеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет