Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу жүрекшелер арқылы
таралып, жүрекше- қарынша (атриовентрикулярлы) түйіншегіне жетеді.
Жылы қанды жануарлардың жүрегінде синусты- жүрекше мен жүрекше -
қарынша түйіншектері арасында, және де оң және сол жүрекшелер арасында
арнайы өткізгіштік жолдар болады. Осы өткізгіштік жолдардағы қозудың
таралу жылдамдығы жұмысшы миокард бойымен қозудың таралу
жылдамдығынан соншалықты артық болмайды. Бұлшықет талшықтарының
кішкене қалындығы және олардың ерекше тәсілмен бірігуі арқасында
жүрекше- қарынша түйіншегінде қозудың таралуының бөгелуі пайда болады.
Осы бөгелу салдарынан қозу жүрекше - қарынша шоғырына және жүректің
өткізгіштік миоциттеріне (Пуркинье талшығы) тек жүрекшелер
бұлшықеттері жиырылып үлгеріп, қанды жүрекшеден қарыншаға ығыстырып
үлгергеннен кейін ғана жетеді.
Ендеше атриовентрикулярлы кідіріс (бөгелу) жүрекшелер мен
қарыншалардың қажетті тізбекті жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүрекше –
қарынша шоғырында және диффузиялы орналасқан жүректің өткізгішітік
миоциттерінде қозудың таралу жылдамдығы 4,5-5 м/с-ке жетеді, ол жұмыс
миокардымен қозудың таралу жылдамдығынан 5 есе жоғары. Осының
арқасында қарыншалар миокарды жасушаларының жиырылуы бір мезгілде
өтеді, яғни синхронды .Жасушалардың жиырылу синхрондылығы
миокардтың қуатын арттырады және қарыншалардың ығыстырушы
қызметінің эффективтілігін артырады. Егер қозу жүрекше- қарынша шоғыры
арқылы таралмай, жұмыс миокардының жасушалары арқылы таралса, яғни
диффузиялы, онда асинхронды жиырылу периоды біршама ұзақ болушы еді,
миокард жасушаларының жиырылуға бір мезгілде қатыспай, біртіндеп
қатысушы еді және қарыншалар өзінің қуатының 50%-ын жоғалтушы еді.
Сөйтіп өткізгіштік жүйенің болуы жүректің бірқатар маңызды
физиологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз етеді:
Достарыңызбен бөлісу: