I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет102/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   230
Отбасындағы қарым қатынас ерекшеліктері 

Баланы тым еркелетуі немесе қатал қарауы, шамадан тыс көрілімдер 
(кино, телевизор, компьютер т.б); 

Отбасы мүшелерінің ақаулыққа көзқарасы (уайымдайды, көңіл 
бөлмейді т.б). 
Қосымша деректер: мектепке дейінгі жастағы балалар үшін: 

Мінезінде қандай өзгерістер байқалады (жылауық, ашуланшақ, қорқақ 
т.б); 

Ойнау іс әрекетінің деңгейі, қандай ойынды сүйеді, ойнағанда сөйлей 
ме, үндемей отыра ма; 

Өзімен өзі ойнағанда, құрбыларымен ойнағанда тұтықпа байқала ма; 

Тұтықпаның байқалуы (жиі, кейде т.б). 
Оқушылар үшін: 

Мектепке келгенде тұтығу азайды ма, күшейді ме; 

Оқу барысында тұтықпаның байқалуы (орнында, тақтаның алдында 
т.б); 

Үлгерімі; 

Құрдастарымен, ата анасымен қатынасы; 

Логфобия (қиын дыбыстар, сөйлеуге қорқу). 
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы моторикасын тексеру. 
1.
Статикалық координациясын тексеру 

Кезекпен оң аяқта, сол аяқта тұру; 

Аяқтың ұшымен тұру. 
Қалыпты позаны ұстап тұруы анықталады. 
2.
 
Динамикалық координациясын тексеру 

Екі аяқпен кезек секіру; 

См жоғары жіптен секіру. Жеңіл секіре ме, секіре алмайтыны 
анықталады. 
3.
 
Бірдей қимылын тексеру 

Екі қолымен бірдей қимыл жасау (екі қолымен бірдей сіріңкенің ішін 
жинау) 

Аяғымен, қолымен бірдей қимыл жасау. 


215 
Жалпы қимылға көңіл бөлу (ептілігі, епсіз, икемсіз) 
4.
 
Қолдың ұсақ қимылын тексеру 

Оң қолдың үлкен саусағын қалған саусақтармен кезек түйістіру, 
сосын сол қолдың; 

Оң, сол қолдың саусақтарын жеке кезекпен бүгу; 

Екі қолдың саусақтарын түйістіру; 

Түймені, бауды баулау, шешу. 
Қимылдың толықтылығы, нақтылығы, ептілігі анықталады. 
5.
 
Мимикалық ерікті іс қимылдарды тексеру 

Қабағын көтеру (таң қалу) 

Мұрнын жиыру 

Күлімдеу 

Ұртын үрлеу 

Ернін алға шығару 
6.
 
Артикуляциялық моториканы тексеру 

Ерінді жымиту 

Түтікше 

Күрекше 

Жіңішке тіл 

Жымию түтікше 

Сағат 

Ат шауып келеді 
Қимылдық толықтылығы, көлемі, бір қимылдан екінші қимылға өтуі 
анықталады. 
Сөйлеу функциясын тексеру 
1)
Дыбыс айтуының сипатамасы; 
2)
Сөз қоры
3)
Сөйлеудің грамматикалық жағы 
4)
Сөйлеудің жылдамдығы (жылдам, баяу) 
5)
Сөйлеу тәртібінің ерекшеліктері (сөйлеу белсенділігі, 
ұстамдылығы, импульсивность, қатынасқа түсуі т.б.). 
6)
Дауысы (қатты, ақырын, қырылдақ, әуезділігі) 
7)
Демалуы (кеуделік, диафрагмальдық, терең т.б) 
8)
Сөйлеудің әр түрінде тұтықпаның байқалуы: 

Бірге сөйлегенде

Қайталап сөйлегенде 

Жаттаған сөзде 

Тақпақ айтқанда 


216 

Мәтінді оқығанда 

Сұрақ жауап кезінде 

Берілген тақырыпқа әңгіме құрастырғанда 

Оқығанын айтып бергенде 

Өз бетімен сөйлегенде 
9)
Тыртысудың түрі: тоникалық, клоникалық, аралас. 
10)
Тыртысудың орны: 

Демалу: инспираторлық, экспираторлық 

Дауыс шығару: вокальдық, діріл т.б. 

Артикуляторлық: еріндік, тілдік, жұмсақ таңдайлық. 

Күрделі беттік тыртысу. 
11)
Қиын дыбыстар 
12)
Эмоциональды маңызды сөйлеу ситуациялары 
13)
Сөйлеу амалдары (эмболофразия, сөздерді ауыстыру, 
сөйлеу қатынасын ерікті шектеу) 
14)
Еріксіз бірлескен қимылдар, оның сипаты 
15)
Тұтығу кезінде баланың сезінуі: бұлшықеттердің қатаюы, 
демалу қиындығы 
16)
Тұтықпаны күшейтетін факторлар: қысылу, шаршау, шу 
т.б. 
17)
Тұтықпаны жеңілдететін факторлар: өзін өзі бақылау, зейін 
қою, сөйлеуді қимылымен қостау. 
18)
Көмекті қабылдауы: жағымды, парықсыз, жағымсыз. 
19)
Өзінің ақаулығына көзқарасы: орынды, орынсыз 
20)
Тұтықпасыз сөйлеу кездері: ұзақтығы, жиілігі 
21)
Сөйлеуден қорқуы (логофобия) 
22)
Тұтықпаға эмоционалдық жағдайының әсері 
23)
Тұтықпаның өтуі: бірқалыпты, бірде азайып, бірде 
күшейеді. 
24)
Тұтықпаға қосымша сөйлеу бұзылыстары 
25)
Тыртысудың деңгейін анықтау: жеңіл, орташа, ауыр. 
Қорытынды 
Қорытындыда 
логопед 
орталық 
нерв 
жүйесінің 
органикалық 
зақымдалуының белгілерін көрсетеді (медициналық қорытындының 
негізінде): 

Сөйлеу және моторлық онтогенездің ерекшелігін; 

Тұтықпаның байқалған уақытын; 

Тұтықпаның деңгейін; 

Тыртысудың түрін, орнын; 

Логофобияны барын; 

Тұтықпаның байқалуын; 

Басқа тіл кемістіктерін көрсетеді. 


217 
Мысалы, тұтықпа екі жарым жаста қорыққаннан кейін бірден басталды. 
Дыбыс айтуы мен лексикалық грамматикалық жағы қалыпты дамыған. 
Тұтықпаның тоно клоникалық түрі, орташа деңгейі. Тұтықпаның
невротикалық түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет