I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет12/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   230
Сөйлеу тілі шыққан кезең
өзара үш кезеңнен тұрады. 
Мектеп жасына 
дейінгінің алдынғы кезеңі
 
бір жастан үш жасқа дейін созылады. Сөйлеу тілі 
оны құрайтын компонентері бойынша дамиды: дыбыс айтуы, сөздік қоры, 
грамматикалық құрылысы. 
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының дамуында баланың күнделікті 
еститін сөйлеу тілінің маңызы зор. Бала осы кезде айналада тек қана дұрыс 
сөйлеу тілін естуі керек. Бұл кезеңде бала дыбыстарды алмастырып, 
шатастырып, бұзып айтады, немесе мүлдем айтпайды. 
Баланың бірінші сөздері жалпылама мағынада қолданылады (бір сөзбен 
немесе дыбыс тіркестерімен бала затты, сезімін, өтінішін білдіреді). Мысалы, 
«су» деген «мынау су», «су бер», «су суық» дегенді білдіруі мүмкін. Баланы
тек жағдайға (ситуацияға) қарай түсінуге болады. Сондықтан бұны 
ситуациялық сөйлеу деп атайды. Бұндай сөйлеуде бала ишара және мимика 
көп қолданады. Баланың сөздік қорының дамуы 2-3 жастың арасында 
белсенді болады. Әр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында 
әр түрлі сандық мәліметтер береді. Ең көп таралған мәліметтер мынандай:
1ж.6айда-10-15 сөз; 
2ж. соңында – шамамен 300 сөз; 
3ж. қараған шағында -1000 сөздің көлемінде. 
3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы 
қалыптаса бастайды. Алғашқыда бала өзінің өтініштерін бір сөзбен 
білдіреді, содан кейін-қарапайым фразалармен. 
(«Апа Мина шай іш» -Апа, 
Амина шай ішеді.).
Осы кезеңде балалардың ересектерді түсінуі сөйлеу қабылетіне қарағанда 
жоғары болады. 
Келесі кезең – 
мектеп жасына дейінгі (3жастан 7 жасқа дейін
). 
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының қалыптасуының ерекшеліктері: 3 
жаста «ш», «ж,» «ч», «щ» дыбыстары «с», «з» дыбыстарына, «щ» дыбысы 
«ч» ,«ть», кейде «т», «д» дыбыстарына алмастырып айтылады. Ысқырық 
дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тістөңіректік («с»=«т», «з»=«д»), 
еріндік-тістік ((«с»=«ф», («з»=«в») сигматизм байқалады. «Р», «л» 
дыбыстары «й», «ль» дыбыстарына, «қ», «г», «х» дыбыстары «т» немесе «д» 
дыбыстарына алмастырып айтылады. 
4 жаста дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық дыбыстардың 
айтылуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс 
айтылады. Сонорлы «р», «л» дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар «й», 
«в» дыбыстарына алмастырылып айтылады. 
Ысқырық, ызың және «к», «г», «х» дыбыстары 5-6 жастағы балада 
қалыптасқан болуы керек. Ал артикуляциясы күрделі «р» дыбысы 7 жасқа 
дейін қате айтылуы мүмкін. 
Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы: алғашқыда бала тек қана сөздің 
номинативтік функциясын менгереді. Сонымен қатар етістіктерді қолдана 
бастайды. Кейін басқа да грамматикалық категорияларды игереді: сын есім, 


26 
есімдік, үстеу. А. Н. Гвоздевтің айтуы бойынша 3 жастағы балада 
грамматикалық негізгі категориялары толық қалыптасады. 4 жастағы бала 
өз тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. 5 жастағы бала 
қосымша сұрақтарсыз тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып бере 
алады. 
Осы жаста баланың фонематикалық қабылдау қабілеті де дамиды: 
алғашқыда бала дауысты және дауыссыз дыбыстарды, кейін-жіңішке және 
жуан дауыссыздарды, сонорлы, ысқырық, ызың дыбыстарды ажырата
бастайды. 4 жасында қалыпты дамыған бала ана тілінің барлық дыбыстарын 
ажырата алуы керек, яғни оның фонематикалық қабылдау қабілеті 
толығымен дамыған болуы қажет. 
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының дамуы үш кезеннен 
тұрады: аморфты түбір-сөздерден тұратын сөйлемдер (1 кезең), сөйлемнің 
грамматикалық құрылысын игеру (2 кезең), ана тілінің морфологиялық 
жүйесін игеру (3 кезең). 
Мектеп жасындағы кезең (7-17 жас). 
Бұл кезеңде баланың сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі - сөйлеу тілін 
саналы түрде игеруі. Балалар дыбыстық талдауды, грамматикалық 
ережелерді толығынан меңгереді. Сөйлеу тілінің жаңа түріне-жазбаша сөйлеу 
тіліне бастаушы роль беріледі. 
Сонымен, мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта құрылуы байқалады 
- тіл дыбыстарын қабылдап, ажыратудан бастап сөйлеу тілінің барлық 
құралдарын саналы түрде қолдануы. 
Әрине, әр кезең келесі кезеңге бір қалыпты ауысады. Баланың сөйлеу тілінің 
дамуы қалыпты және уақытынша өту үшін, оған жағымды жағдай болу 
керек: баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы; 
ойлау қабілеті қалыпты; есту және көру қабілеті қалыпты; қоршаған сөйлеу 
ортасы дұрыс болуы керек.
Шетел ғалымы П. Менюк сөйлеу тілінің дамуын өзгеше қарастыра 
отырып, оны 5 кезеңге бөледі: 
бірінші кезеңде
(сөйлеу тілі шыққанға 
дейіннен былдырға дейін) айқай мен алғашқы вокализациясы бастапқы 
болады. Бұл кезеңде негізгі назар дауыс реакцияларының интонациялық 
сипатына 
аударылады. 
Баланың 
айқайына 
анасының 
жауабының 
маңыздылығы зор екенін ескереді. Сөйлеу тілі дамуының бірінші кезеңінде 
балалардың акустикалық тітіркендіргіштерді ажырату мүмкіндіктері 
байқалады. 
Екінші кезең
– «былдыр кезеңі». Бұл кезде балада дыбыстық 
белсенділігі дамиды, өз айқайын бақылай бастайды, әрі қарай есту түйсігінің 
(есту анализаторы арқылы әр түрлі дыбыстарды қабылдап, ажыратып, бойға 
сіңіру процесі) дифференциациясы байқалады. 
Үшінші кезең
-бір сөздік деңгейде қарым- қатынасқа түсу. Осы бастан 
баланың сөйлеу тілінің нақты дамуы басталады. Сөйлеу тілін қабылдауында 
да, сөйлеуінде де сапалы өзгерістер байқалады. Балада айтылған сөздің 
ұзақтылығын байқай алатын мүмкіншілік туады. Моторлы және сенсорлы 
сөйлеу тіл арасында алғашқы рет өзара байланысы пайда болады. 


27 
Төртінші кезең 
– екі сөздік деңгейде қарым-қатынасқа түсу. Бұл 
синтаксистің дамуының бастауыш кезеңі. Сөйлеу тілінің грамматикалық
категорияларын меңгеруі 
бесінші кезеңде
басталады. 
Қарастырылған кезеңдерге бөлу сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеу және 
бұзылуының механизмін түсінуге мүмкіншіліктерін кеңейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет