150
Орталық нерв жүйесі зақымданған балаларды тәрбиелеуде, оқытуда,
дамытуда ата–аналардың рөлі өте зор.
Белгілі бір кемістігі бар бала өзін қоршағандардан тек көңіл аударуын
ғана емес, сонымен қатар ең бастысы – үзбей әрі жүйелі түрде дамыту, түзету
барысында жүргізілетін еңбек түрін табанды түрде қажет етеді. Мұндай
қасиетті олардың дүниеге келген сәтінен – ақ байқауға болады. Егер балаға
көмек толығымен әрі жан – жақты түрде берілсе, сөз жоқ, еңбек өз нәтижесін
беріп, мектеп табалдырығын сенімді түрде аттатуға болады. Сол себепті
қажет болар білім ауқымымен, дағдымен, икемділік жайындағы мағлұматпен
ата–аналарды қаруландыру ісінің маңызы зор.
Баланы дұрыс тәрбиелеуді, жақсы әдет, дағды қалыптастыруды ерте
бастан ескере отырып, баланың ар–намысына, ожданына, пәк сезіміне дақ
түсірмеуді ойлау керек. Әр сөзді дұрыс айтуға, өз ойын, пікірін дәл жеткізуге
баулу – түзету, емдеу жұмыстарын неғұрлым ерте, нәтижелі етіп құруға,
ерінбей–жалықпай еңбектене отырып, баланың өзіне деген сенімін орнату –
ата–ана үшін басты мақсат болуы тиіс.
Дизартрисы бар балалармен атқарылатын жұмыс ауқымы оны түзету
мен жан–жақты дамытуға байланысты қарастырылған.
Әдет пен әдепке үйрену де үй ішінде тамыр алатындықтан, ата–ана мен
логопед маманның қоян–қолтық тынымсыз еңбегі ғана баланы әрі түзетеді,
әрі рухани серпіліске апарады. Мұндай баланың өмірге деген құлшынысы да
артады, қызығушылығы да оянады, ортада өзін еркін ұстауға да икемделеді.
Түзету жұмыстарының барлық сатысын қамтып, қояр талабын үнемі
әрі жүйелі түрде орындаса ғана, логопед жұмысының нәтижесі болмақ.
Төмендегі
ұсынылып
отырған
әдіс–тәсілдер
жиынтығы
жаратылысында кемістігі бар балаларды түзету барысында атқарылатын
жұмыстарға сәл де болса көмек ретінде қсына отырып, белгілі бір нәтиже
шығатынына сеніміміз мол.
Үй ішінде орындауға болатын жаттығулар тобы да осы мақсатқа
лайықталынып алынған.
Достарыңызбен бөлісу: