Мұның себептер:
-соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зиян тигізді;
-ауыл шаруашылығындағы ҿндірістік қатынастардың ескіру: колхоздарда егіс
алаңы, мал колхозшылардың қауымдық меншігі деп айтылғанымен олар ол меншіктің иесі
емес еді. Иесіз меншік ҿспеді, оны талан-таражға салу оңай болды;
--ауыл шаруашылық ҿнімдерін мемлекет міндетті түрде алуға байланысты
қалыптасқан жүйе ҿзін ақтамады. Ол ҿндірушінің мүдделілігін тудырмады.
Мемлекетте партия мен үкіметтің орталық жҽне жергілікті орындары бұл ауыр
халден шығу үшін бірнеше шара қолданды. Мҽселен, осы жылдары колхоздарды
ірілендіру шарасы жүргізілді, колхоздарды совхоздарға айналдыру шарасын жүзеге
асырды. Дегенмен, бұл шаралар күткен нҽтижеге жеткізбеді. Ауыл шаруашылығындағы
ауыр жағдайдан шығудың жолы ҿндірістік қатынастарды жетілдіруді қажет етті.
Екінші дүние жүз соғысы Кеңес Одағы халықтарының жеңісімен аяқталуы
Қазақстан халық бұқарасының рухани зор ҿрлеуін туғызды. Соғыста Кеңес Одағының
халық шаруашылығы зиян шекті. Кеңес халықтарының энтузиязмының арқасында
бүлінген халық шаруашылығын 50-інші жылдардың басында қалпына келтірді.
Қазақстан Кеңес Одағының бүлінген шаруашылығын қалпына келтіруге белсене
қатысты.
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы, ҽсіресе, ҿнеркҽсіп саласы
дамыды. Қазақстан еңбекшілері бесінші бес жылдықта (1951-1955 жж.) ҿнеркҽсіпті
дамытуда едҽуір табыстарға қол жеткізді. Ос жылдары 200-ге жуық жаңа ҿнеркҽсіп
орындары іске қосылды. Осы жылдары Қазақстанда энергетика, металлургия, кен рудасы,
кҿмір, химия, машина жасау салалары дамыды. Түсті металлургия республика
экономикасының жетекші саласына айналды. Елдегі ең ірі құрылыстардың бірі Қарағанды
металлургиялық заводы (Қазақстан магниткасы) құрылысы басталды. Қарағандыда оннан
астам шахта іске қосылды. Алматы, Ақтҿбе, Петропавл, Қарағанды қалаларындағы
машина жасау заводтары жаңа станок жабдықтар жасайтын болды. Ҿнеркҽсіп
орындарында ҿндіріс процессін автоматтандыруда, механикаландыруда елеулі табыстарға
қол жетті.