«Ҧлы даланың ҧлы өркениеттері» атты жалпыҧлттық тарихи
реконструкциялар клубын
құрып, соның негізінде Астанада жҽне Қазақстанның ҿзге де
ҿңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дҽуірі жҽне басқа да
тақырыптар бойынша фестивальдар ҿткізуге болады. Бұған қызығушылық білдірген
адамдарды тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге
болады.
Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын
– үйлері мен кҿшелерін, қоғамдық
орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін
ішінара қалпына келтіретін
туристік жоба
да қызықты болмақ.
Осының негізінде білімді дҽріптеуге жҽне туризмді дамытуға баса мҽн берілуі қажет.
5.
Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
Бұл жоба аясында бізге
«Дала фольклорының антологиясын»
жасау керек. Мұнда Ұлы
дала мұрагерлерінің ҿткен мыңжылдықтағы халық ауыз ҽдебиетінің таңдаулы үлгілері –
ертегілері, аңыз-ҽфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады.
Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай жҽне басқа да дҽстүрлі
музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын
– «Ҧлы
даланың көне сарындары» жинағын
басып шығару қажет.
Ұлы Даланың фольклоры мен ҽуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға
тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін кҿшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті
ғана емес, сондай-ақ оның ҿзектілігін арттыра алатын отандық жҽне шетелдік кҽсіби
мамандарды тарту маңызды.
Біздің мҽдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара
болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша
ҽлемде дҽріптеуге тиіспіз.
Ауызша жҽне музыкалық дҽстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын ҽрі
түсінікті форматта болуы керек.
Атап айтқанда, кҿнерген сҿздер мен мҽтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын
видеоматериалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен ҽуендер
табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да
шығарылады.
Сонымен қатар фольклорлық дҽстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның
түрлі ҿңірлері мен ҿзге елдерге
Достарыңызбен бөлісу: |