Байланысты: Авторлық жұмыс Оспанова Г.Н., мусина Б.Ж. (1)
Кіріпсе Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу ҚР Білім және
ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығы мен ҚР Әділет
министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда №22711 болып тіркелді.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
5- бабының 12 тармақшасына сәйкес: 1-қосымшаға сәйкес білім алушылардың
білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілген.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, география)
тест тапсырмаларының жалпы саны - 32.
Максималды ұпай – 32. Мәнмәтінге негізделген 3 тапсырма, барлығы 8- тест
тапсырмасы ББЖМ 9- сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана
отырып, оқыту тілінде екі бағыт математикалық сауаттылық, жаратылыстану -
ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне арналған
«Жаратылыстану ˗ ғылыми сауаттылық» бағыты тест спецификациясына сәйкес
химия пәні бойынша ˗ мәнмәтінге негізделген 2 тапсырма, барлығы 8 ˗ тест
тапсырма бір дұрыс жауаппен 30- нұсқадан тұратын тест құрастырылды.
Мақсаты: білім алушылардың білім сапасын негізгі орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес бағалау.
Міндеті: оқушылардың білім берудегі келесі деңгей материалдарын игеру
дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру деңгейлерін
бағалау.
Күтілетін нәтиже : ББЖМ нәтижелері бойынша талдау және сапалық
сараптама жүргізу, олқылықтарды жою мақсатында білім алушылармен
диагностикалық жұмыс жүргізу.
Мәнмәтінге негізделген тапсырмаларды құрастыру кезінде спецификацияны
басшылыққа ала отырып, химия пәніне 8-9 сыныптар бойынша 14 тақырып, 90
оқу мақсаттары қамтылды.
Мәнмәтіндегі негізделген тапсырмалары: М.Қ. Оспанов, Қ.С. Аухадиева,
Т.Г. Белоусова, Алматы «Мектеп» 2019ж баспа оқулығы бойынша химия 8 сынып,
химия 9 сынып 1-2 бөлім басшылыққа ала отырып құрастырылды.