XXVI
нұсқа
Азот қышқылы – тұншықтырғыш иісті, түссіз сұйықтық, бір сатыда
диссоциацияланатын күшті электролит. Ылғалды жақсы сіңіреді. Азот қышқылы
тұрақсыз, ауада жарық пен температура әсерінен ыдырайды. Нәтижесінде күшті
тотықтырғыштар түзетіндіктен азот қышқылының тотықтырғыштық қасиеті
жоғары болады. Металдар азот қышқылымен әрекеттескенде ешқашан сутек
газын түзбейді. Сұйылтылған және концентрлі азот қышқылы белсенділігі төмен
металдармен реакцияға түседі. Нәтижесінде нитраттармен бірге су, азот(ІІ)
оксиді, азот (ІV) оксидтері түзіледі. Азот қышқылының тұздары – нитраттар.
Нитраттар – суда жақсы еритін кристалды заттар. Барлық нитраттар термиялық
тұрақсыз заттар. Жоғары температурада металл белсенділігіне қарай ыдырайды.
Қыздырғанда оттек бөліп ыдырайтындықтан, тотықтырғыш қасиет көрсетеді.
Азот қышқылында азоттың валенттілігі (V) , ал тотығу дәрежесі +5.
1.
Азот қосылыстарының тотығу дәрежелері:
Азот қышқылы→азот(ІV) оксиді→азот (ІI)оксиді→азот(I)оксиді→азот→аммоний
нитраты
A) +5,-2,+4,+2,-3
B)+5,+4,+2,+1,0,-3
C) -2,+3,+4,+6,-4
D) -2,+4,0,+5,-4
E) -2,+3,0,+6,-4
2.
Аммоний нитратындағы азоттың тотығу дәрежесі
A)
N
-3
B)
N
+3
C)
N
+4
D)
N
+2
E)
N
+5
3.
Натрий нитратын қыздырғанда 280мл (қ.ж.) оттек бөлініп шықты. Тұздың
қандай массасы ыдырады?
A) 3,36
B) 5,56
C) 2,125
D) 8,89
E) 1,12
4.
Қорғасын нитраты ыдырағанда түзілетін заттар
A)
металл оксиді, азот(IV) оксиді және оттек газы
B)
азот(IІ) оксиді және металл оксиді, оттек газы
C)
оттек газы және металл оксиді,азот(І) оксиді
D)
металл және азот(IV) оксиді
E)
азот(IІ) оксиді және металл оксиді
|