Салалық волонтерлік бойынша нұСҚаулық «Салалық волонтерлік бойынша нұсқаулық: birgemiz asyl mura»


Өздері үшін және жоба үшін тапсырманы сәтті әрі ыңғайлы орындауға волонтердің қандай қасиеттері



Pdf көрінісі
бет15/51
Дата21.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#175061
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
Байланысты:
Волонтерлік

Өздері үшін және жоба үшін тапсырманы сәтті әрі ыңғайлы орындауға волонтердің қандай қасиеттері 
болуы керек екенін елестетіп көріңіз. Келесі параметрлерге назар аудара аласыз:
БІЛІМ, ТӘЖІРИБЕ, ДАҒДЫ. 
Осы жұмысты орындау үшін қандай 
арнайы білім, білік және дағды қажет 
екенін анықтау (бейнередактормен 
жұмыс істей білу, жатқан науқастарды 
күту дағдысы, қарт адамдардың пси
-
хологиясын білу, техникамен жұмыс 
істеу тәжірибесі, тілді меңгеру және т. 
б.).
ФИЗИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕР. 
Осы міндетті орындау үшін физи
-
калық ерекшеліктерді (жақсы сөйлеу, 
шыдамдылық және күш, волонтер
-
лердің жынысы маңызды ма, бұл мін
-
детті мүмкіндігі шектеулі адам орын
-
дай ала ма, адамда аллергия жоқ па 
және т.б.) бағалау.
Жеке тұлға мен мінез-құлықтың 
психологиялық ерекшеліктері мен 
қағидалары. 
Осы тапсырманы орындау 
үшінмінездің қандай да бір ерекшелік
-
тері маңыздылығын ойлау. Бұл әсіресе 
адамдармен өзара қарым-қатынас кезінде 
маңызды (ол балалармен қарым-қатынас 
жасай ала ма, ол ұзақ уақыт қарым-қа
-
тынасқа шыдай ала ма, қарт адамдарға 
қатысты шыдамды ма, мүмкіндігі шектеулі 
адамдармен қарым-қатынас кезінде оған 
қолайлы ма және т. б.).
МАМАНДАНУ. 
Оны кәсіпқой орындауды 
қажет ететін міндеттің бар-
жоқтығын анықтаңыз (оңалту 
дәрігері, заңгер немесе бухгал
-
тер қажет пе және т.б.).


16
САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
II КЕЗЕҢ. ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
III КЕЗЕҢ. КЕЛІСІМ ЖАСАУ
Қандай волонтерлер қажет екенін анықтап, олардың 
қай жерде – оқу орындарында, кәсіпорындарда, бел
-
гілі бір ұйымдарда/мекемелерде және т.б. орналасқа
-
нын және оларды қалай – сөз сөйлеулер, үнпарақтар, 
сұхбаттар, іс-шаралар арқылы қабылдау керек екенін 
түсіну маңызды.
Волонтерлерді қабылдаудың бастапқы көздерінің бірі 
- волонтерлік идеясына қосылатын немесе әлдеқашан 
тартылған волонтерлермен бірге келетін таныстар, до
-
стар болып табылады. Волонтерлер көбінесе мақсат
-
ты топтан және олардың жақын ортасынан тартылады. 
Ауқымды іс-шара өткізілген немесе тар бейінді қызмет
-
терге қажет болған жағдайда, волонтерлер кейде басқа 
ұйымдардан тартылады. Корпоративтік волонтерлік 
жағдайында, волонтерлік жобаларды іске асыруда 
әріптестер ниеттес болады.
Жаңа волонтерлерді тарту үшін тиімді тәсілдердің 
бірі - үйлестірушілер немесе жұмыс істеп жүрген во
-
лонтерлер қатысатын кездесулер болып табылады. 
Іс-шараларды өткізу де волонтерлерді қабылдау үшін 
тамаша орын, өйткені жаңадан келушілер үшін визуал
-
ды көріністі көрсетеді.
Өз қызметін жарнамалауды және волонтерлердің қа
-
былдануына шақыруды БАҚ және әлеуметтік желілер 
арқылы өткізуге болады. Бірақ жарнамаға әсер ету 
үшін, ұйым туралы ақпарат үнемі жаңартылып, ұйым 
тарихының болуы маңызды. Радиода немесе теледи
-
дарда волонтерлердің игі істері туралы бағдарлама 
жүргізуге, әлеуметтік желілерде волонтерлердің жеке 
оқиғаларын жариялауға, газеттерде немесе блогтарда 
– ақпараттық немесе көңіл көтеретін сипаттағы мақала
-
ларды жариялауға болады.
2018 жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет