Байланысты: « аза тілі» п нінен 2-то сан бойынша жиынты ба алау тапсырмала
А мәтіні Жаһандану үрдісі кең етек алған XXI ғасырда әлем елдерінің алдында туындаған
жалпы ортақтық сипаттағы мәселелер адамзат баласын алаңдатпай қоймайды. Мұндай
мәселелердің шешілуі барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шараларын
қажет етеді. Ал әрекеттер мен шаралар тиімді әрі нәтижелі болу үшін үйлесімділік қажет.
Мемлекеттер арасындағы әрекеттерді үйлестіруге апаратын бірден-бір жол – интеграция.
Экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтады. Экономиканы дамыту
арқылы одан әрі беріктендіре түсуге ықпал етеді. Себебі интеграциялық бірлестіктердің
өзегінде экономикалық прагматизм, өзара сыйластық, барлық шешімді қабылдауға қажетті
тең құқықтылық және ашықтық жатыр. Еуразиялық одақты құру басқалардан іргемізді
ажырату үшін емес, керісінше, басқа серіктестермен неғұрлым тығыз ынтымақтастық
орнату үшін құрылып отыр. Олай болса, экономикалық одаққа бірігуден мемлекеттер тек
қана ұтысқа ие болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бүгінде интеграциясыз алға қадам басу мүмкін емес, себебі
қандай да бір мемлекет өзге елдермен өзара ықпалдастық орнатпайынша, бірлесе іс-қимыл
жасамайынша, алға жылжи алмайды» деген болатын. Еуразиялық интеграция аясында
Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің экономикасы бұрынғысынан да қарқынды дамитын
болады. Өйткені Қазақстанда жалпы нарыққа, бизнеске арналған жобаларды жүзеге
асыруға барынша қолайлы жағдай жасалған. Біздің елімізде теміржол құрамдары, жүк
көліктері мен электротехника салалары қарқынды дамып келе жатыр. Сонымен қатар одақ
аясында әр кәсіпорын өз қызметін емін-еркін жүргізетін болады. Ол үшін қосымша
лицензия немесе тағы басқа келісім-шарт әзірлеудің қажеттілігі туындамайды. Жаңа нарық
әр кәсіпорын мен әр азамат үшін ұтымды болады. Еуразиялық экономикалық одақ
интеграция үдерісін дамытады. Интеграциялық үдерістердің дамуы – тауарлар мен өндіріс
факторларының халықаралық қозғалысының өсуінің заңды нәтижесі. Осы нәтиженің
жүзеге асуы барысында елдер арасында шаруашылық-тұрмыстық байланыстардың
құрылуы және халықаралық сауда мен өндіріс факторларының қозғалысы жолындағы
көптеген кедергілерді жою жүйесі қалыптасады.