r
айнымалысына 0-ден 2-ге
дейінгі мәндерді меншіктейді. Ішкі цикл әрбір бағана үшін бір
итерация (қадам) орындап,
с
айнымалысына 0-ден 3-ке дейінгі
мәндерді меншіктейді. 18-жолдағы нұсқау әрбір элемент үшін бір
рет орындалады да, оған 1 мен 100 арасынан бір кездейсоқ бүтін
мән меншіктейді.
•
21-жол тізімдегі мәндерді көрсетеді.
Екі өлшемді тізімдер
(кездейсоқ сандармен толтыру түсініктемесі)
•
21-жол print функциясына аргумент ретінде тізім мәндерін
береді; нәтижесінде тізім толығымен экранға шығарылады.
•
Егер әрбір элементті жеке жолға шығарғыңыз келсе:
4
17
34
24
46
т.с.с. Онда қабаттасқан циклдер басқаша былай жазылуы тиіс:
for r in range(ROWS):
for с in range(COLS):
print(values[r] [с])
Екі өлшемді тізімдер
(кездейсоқ сандармен толтыру түсініктемесі)
Сұрақтарға жауап берейік
7.19. Төмендегі мысалдағы екі өлшемді тізімде неше жол, неше
бағана бар?
numbers = [ [1, 2], [10, 20], [100, 200], [1000, 2000]]
7.20. Үш жолдан және төрт бағанадантұратын тізім жасайтын
программа фрагментін жазыңыз. Әрбір элементке 0 мәнін
меншіктеңіздер.
7.21. 7.19-тапсырмадағы тізім элементтерін экранға шығаратын
қабаттасқан циклдер кодын жазып шығыңыз.
19. Кортеждер туралы
•
Кортеж – бұл тізім тәрізді тізбек, айырмашылығы кортеждер
мутацияланбайтын тізбектер, яғни оларды бір құрғаннан кейін
өзгертуге болмайды. Келесі интерактивті тізімде көрсетілгендей,
кортеждерді құрған кезде оларды жай жақшаға алып жазу қажет:
>>>
my_tuple = (1, 2, 3, 4, 5)
Enter
>>>
print(my_tuple)
Enter
(1, 2, 3, 4, 5)
>>>
Бірінші жол 1, 2, 3, 4 және 5 элементтерінен тұратын кортеж құрады да,
оны
my_tuple
айнымалысына меншіктейді. Екінші жолда
my_tuple
кортежін
print
функциясына береміз де, экранға шығарамыз.
|