«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет12/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
17 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын санатқа жатқызылған қаржылық міндеттемелер 
Топ кейбір міндеттемелерді бастапқы таныған кезде пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын 
міндеттемелер ретінде айқындауы мүмкін. Мұндай міндеттемелер бойынша пайда мен залалдар осы міндеттеме 
бойынша кредиттік тәуекелдің өзгеруімен байланысты әділ құнның өзгеру сомасынан (нәтижесінде нарықтық 
тәуекел пайда болатын нарықтық жағдайлардың өзгерістеріне жатпайтын сома ретінде айқындалады) басқа 
жиынтық кірісте көрсетілген және кейіннен пайда немесе залалға қайта жіктелмейтін пайданың немесе залалдың 
құрамында ұсынылады. Бұл жағдай, мұндай ұсыныс есептеуде сәйкессіздік тудырмаған немесе қиындатпаған 
кезде мүмкін. Бұл жағдайда міндеттеме бойынша кредиттік тәуекелдің өзгеруіне қатысты пайда мен залалдар 
сондай-ақ пайда немесе залал құрамында көрсетіледі. 
(iv) 
Өзара есепке алу
Қаржылық активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынады және қаржылық жағдай туралы 
шоғырландырылған есепте таза шама тек мына жағдайларда: көрсетілген сомаларды өзара есепке алуға, 
сонымен қатар, өзара есепке алуға ниеті болса немесе оны жүргізуге, не болмаса бір мезгілде активтерді 
сатуға және міндеттемелерді реттеуге заңды белгіленген құқығы болса ғана көрсетіледі. Қарастырылып 
отырған өзара есепке алу құқығы (а) болашақта болуы мүмкін жағдайларға байланысты болмауы тиіс, 
(б) мынадай жағдайларда жүзеге асыруға заңды мүмкіндігі болуы тиіс: (і) әдеттегі қаржы-экономикалық 
қызметті жүзеге асыру барысында; (іі) төлемдер бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайға; 
(ііі) дәрменсіздік немесе банкротқа ұшыраған жағдайға байланысты болмауы тиіс. 
Туынды қаржы құралдары 
Туынды қаржы құралдары, оның ішінде валюталық шарттар, пайыздық фьючерстер, болашақ пайыздық 
мөлшерлемелер туралы келісімдер, валюталық және пайыздық своптар, сондай-ақ валюта мен пайыздық 
мөлшерлемелер опциондары әділ құны бойынша көрсетіледі.
Барлық туынды құралдар осы құралдардың әділ құны оң болған жағдайда активтер ретінде, ал егер олардың 
әділ құны теріс болса - міндеттемелер ретінде есепке алынады. Туынды құралдардың әділ құнындағы 
өзгерістер жыл ішіндегі пайдаға немесе залалға қосылады (туынды қаржы құралдарынан болған залалды 
шегергенде). Топ хеджирлеуді есепке алуды қолданбайды. 
Қаржылық міндеттемелерге және басқа қаржылық емес келісімшарттарға енгізілген кейбір туынды құралдар, 
егер олардың тәуекелдері мен экономикалық сипаттамалары негізгі шарттың тәуекелдерімен және 
экономикалық сипаттамаларымен тығыз байланысты болмаса, негізгі шарттан ерекшеленеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет