«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет62/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
68 
30 
Шартты және келісімшартты міндеттемелер мен операциялық тәуекелдер 
Операциялық орта 
Жалпы, Қазақстан Республикасының экономикасы дамушы нарықтарға тән кейбір сипаттық ерекшеліктерді 
көрсетеді. Бұл әсіресе ел экспортының негізгі бөлігін құрайтын мұнай мен газдың және басқа минералды 
шикізат бағасының ауытқуларына ерекше сезімтал. Бұл ерекшеліктер елдің шегінен тыс бос айырбастауға 
болмайтын ұлттық валютаның болуын және бағалы қағаздар нарығының төмен өтімділік деңгейін қамтиды, 
бірақ олармен шектелмейді. Аймақта сақталып отырған саяси шиеленісушілік, айырбас бағамының 
құбылмалылығы өтімділіктің төмендеуі мен халықаралық қаржыландыруды тартудағы қиыншылықтарды қоса 
алғанда Қазақстан Республикасының экономикасына жағымсыз ықпалын тигізуді жалғастыруда. 
2015 жылдың 20 тамызында ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі теңгенің айырбастау курсына қолдау көрсетуді 
тоқтату және еркін айырбастау бағамына ауысу және валюта коридорынан бас тарту, инфляциялық таргеттеу 
режиміне негізделген жаңа ақша-несие саясатын іске асыру туралы шешім қабылдады. Бұл жағдайда айырбас 
бағамына қатысты Ұлттық банк саясаты бойынша қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін теңгенің 
айырбас бағамының күрт төмендеуін болдырмас үшін интервенциялар жасауда. 
Осы есеп күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми айырбастау бағамы 1 
АҚШ доллары үшін 428.32 теңгені құрады, салыстырмалы түрде 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай 
бойынша 1 АҚШ доллары үшін 431.67 теңге болған. Осылайша, теңгенің айырбастау бағамы және Ұлттық банк 
пен Үкіметтің болашақ әрекеттеріне, сондай-ақ аталған факторлардың Қазақстан Республикасының 
экономикасына тигізетін ықпалында тұрақсыздық бар. 
2021 жылдың қыркүйегінде S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін 
«ВВВ» деңгейінде растады. Кредиттік рейтингтің өзгеру болжамы – «Тұрақты». Тұрақты болжам Қазақстан 
Республикасының Ұлттық қорына түсетін қосымша түсімдер есебінен қалыптастырылған оң баланстық 
көрсеткіштердің, жиынтық көлемі екі жыл ішінде мемлекеттің сыртқы өтімді активтерінен аспайтын жоғары 
емес мемлекеттік борыштың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын пандемияның 
экономикаға теріс әсерін тежеуге бағытталған шаралардың болуымен расталады. 
ОПЕК келісіміне байланысты мұнай бағасының төмен болуы, оны өндірудің қысқаруы және COVID-19-ды 
тежеу жөніндегі шаралардың салдары 2020 жылы Қазақстан экономикасына қолайсыз әсер етті. Алайда, 
ОПЕК+ тарапынан өндіру шектеулерінің әлсіреуі және Теңіз кен орнында өндіруді кеңейту аясында мұнай 
секторындағы қалпына келтіру, өңдеуші сектордағы тұрақты динамика, инвестициялық белсенділіктің өсуі, 
пандемияға байланысты шектеулердің әлсіреуі және сыртқы сауданың қалпына келуі 2022 жылы 
экономикалық өсімге ықпал ететін болады. Сарапшылардың болжамдары бойынша 2021-2024 жылдары 
экономиканың өсу қарқыны орташа есеппен 3.6% құрайды. 
Экономикалық орта топтың қызметі мен қаржылық жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Басшылық Топтың 
тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Алайда, қалыптасқан 
экономикалық жағдайдың болашақтағы салдарын болжау қиын, басшылықтың ағымдағы болжамдары мен 
бағалары нақты нәтижелерден өзгеше болуы мүмкін. 
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы энергетикалық сектор Қазақстан Республикасында саяси, 
заңнамалық, салықтық және реттегіштік өзгерістерге бейіл болып қала береді. Қазақстан Республикасының 
экономикалық тұрақтылығының перспективалары белгілі бір деңгейде Үкімет қабылдайтын экономикалық 
шаралардың тиімділігіне, сондай-ақ құқықтық, бақылаушы және саяси жүйелердің дамуына, яғни Топтың 
бақылау саласынан тыс жағдайларға байланысты.
Компанияның болашақ кредиттік шығындарын бағалау үшін Топ макроэкономикалық көрсеткіштер 
болжамымен қоса расталатын болжамдық ақпаратты пайдаланады. Дегенмен, кез келген өзге де 
экономикалық болжамдар секілді олардың орындалу ықтималдылығы жоғары деңгейдегі белгісіздікке келіп 
тіреледі, сондықтан да нақты нәтижелер болжамдық нәтижелерден едәуір өзгеше болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет