«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет31/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
32 

Есептік саясатты пайдаланудағы маңызды есептік бағалау мен кәсіби пайымдар 
Топ шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетілетін сомаға және келесі қаржы жылындағы активтер 
мен міндеттемелердің баланстық құнына әсер ететін бухгалтерлік бағалаулар мен жол берулерді жүргізеді. 
Бухгалтерлік бағалау мен пайымдау тұрақты талдауға жатады және басшылықтың өткен тәжірибесіне және 
басқа да факторларға, оның ішінде қалыптасқан мән-жайларда негізделген болып саналатын болашақ 
оқиғаларға қатысты күтулерге негізделген. Есеп саясатын қолдану барысында басшылық бухгалтерлік 
бағалармен байланысты кәсіби пікірлерді де қолданады. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте 
көрсетілген сомаларға неғұрлым елеулі әсер ететін кәсіби пайымдар және келесі қаржы жылы ішінде активтер 
мен міндеттемелердің баланстық құнын елеулі түзету қажеттілігіне алып келуі мүмкін Бухгалтерлік бағалаулар 
мыналарды қамтиды: 
Қаржылық емес активтердің құнсыздануы 
Басшылық әрбір есептік кезеңнің соңында жекелеген активтердің немесе активтер топтарының құнсыздану 
белгілерінің бар-жоғын және гудвилден бөлек активтер немесе активтер топтары үшін өткен кезеңдерде 
танылған құнсыздану шығыны белгілерінің бұдан былай болмайтынын немесе азайғанын бағалайды.
Мұндай кез келген белгі анықталған жағдайда басшылық сату шығындары мен пайдалану құнын шегергендегі 
оның әділ құнының шамасының ең көбі ретінде анықталатын активтің өтелетін бағасын бағалайды. Пайдалану 
құндылығын есептеу қалыптасқан жағдайларға негізделген болып саналатын басшылық тарапынан бағалау 
мәліметтері мен кәсіби пайымдарды қолдануды талап етеді.
Қаржылық активтердің құнсыздану белгілерінің болуын анықтау да негзігі құралдар объектілерінің мүмкін 
болатын технологиялық ескіруін, қызметтің, олардың пайдалы қызметінің қалдық мерзімдерінің тоқтатылуын 
және пайдалану шарттарының басқа да өзгерістерін анықтауда пайымдаулар мен бағаларды пайдалануды 
талап етеді. 
ХҚЕС (IAS) 36-ға сәйкес, құнсыздану белгілерінің бірі болып Топ қызметін жүзеге асыратын технологиялық, 
нарықтық, экономикалық немесе заңдық жағдайларда немесе актив сатылуы тиіс нарықта кезең ішінде болған 
немесе алдағы уақыттарда күтілетін, Топ үшін жағымсыз салдарлары бар маңызды өзгерістердің болуы болып 
табылады. 
Активтің өтелетін құнын бағалаған кезде Топ бағаларды қолданады және пайым жасайды. Бағалаулар мен 
пайымдар тұрақты түрде сыни талдауға ұшырайды және басшылықтың бұрынғы тәжірибесі мен басқа 
факторларға, оның ішінде орын алған жағдайларда негізді болып табылатын болашақ оқиғаларға қатысты 
болжамдарға негізделген. Сондай-ақ, басшылық есептік саясатты пайдалану үрдісінде бағалауды талап ететін 
кейбір пайымдарды пайдаланады. 
COVID-19-
ның таралуы мен әсерін тежеуге бағытталған қабылданған шаралар Қазақстандағы экономикалық 
белсенділікті айтарлықтай шектейді және бизнеске, нарық қатысушыларына, топ клиенттеріне, сондай-ақ 
белгісіз уақыт кезеңі ішінде Қазақстан мен әлемдік экономикаға теріс әсер етеді және теріс әсер ете береді. 
Тиісінше, бұл жағдайлар болашақ ағындарды төмендетіп, қолма-қол ақша немесе операциялық және басқа 
шығындарды көбейтіп, сондай-ақ Үкіметтің экономиканы қолдау мақсатында электр энергиясының тарифтерін 
реттеуге әсер етуі мүмкін. 
2021 
жылдың аяғындағы жағдай бойынша жүргізілгенйынша а бойынша басшылық «Алматы Электр 
Станциялары» АҚ (бұдан әрі – АлЭС) еншілес компанияларының негізгі құралдарының құнсыздану 
индикаторларын анықтады.
Топ «Активтердің құнсыздануы» 36 ХҚЕС-ке сәйкес жүргізілген АлЭС активтерінің құнсыздануына тест жүргізу 
үшін тәуелсіз сарапшыларды тартты. 
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің өтелетін құны активтерді пайдаланудан түсетін ақша 
қаражатының алдағы уақыттағы болжамды түсімдері мен жылыстауын, дисконт мөлшерлемесін және өзге де 
көрсеткіштерді бағалауға сүйене отырып айқындалды. Басшылық әрбір еншілес компанияның негізгі 
құралдары мен материалдық емес активтерін ақша қаражатын бірыңғай генерациялайтын бірлікке жатқызады, 
өйткені бұл басқа активтермен генерацияланатын ақша ағындарына қарамастан айтарлықтай дәрежеде ақша 
қаражатының ағынын генерациялайтын активтердің ең аз сәйкестендірілетін тобы және әрбір еншілес 
компания активтер құнының өтелуіне бақылауды жүзеге асыратын неғұрлым төмен деңгей. Басшылық негізгі 
құралдардың өтелетін сомасын пайдаланудан түсетін құндылық негізінде бағалады, бұл сома Топ оларды 
пайдалану арқылы болашақта аламыз деп күтетін дисконтталған бағаланатын ақша ағындарының сомасы 
ретінде айқындалған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет