«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет4/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 


Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
(i) 
Еншілес компаниялар 
Еншілес компаниялар Топ бақылайтын құрылымданған кәсіпорындарды қоса алғанда, инвестициялық 
объектілерді білдіреді, өйткені Топ (i) инвестиция объектісінің тапқан табысына айтарлықтай ықпал ететін 
маңызды қызметті басқару мүмкіндігін беретін өкілеттіктерге ие болады, (ii) инвестиция объектісіне қатысудан 
түскен өзгермелі табыспен байланысты тәуекелдерге ұшырайды немесе осындай табысты алу құқығына ие 
болады және (iii) инвестордың табысының шамасына ықпал ету мақсатында инвестициялар объектісіне 
қатысты өзінің өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Топтың басқа кәсіпорынға қатысты 
өкілеттіктерінің болуын бағалаған кезде нақты әлеуетті дауыс беру құқықтарымен бірге нақты құқықтарының 
болуын және олардың ықпалын қарастыру керек. Егер ұстаушының инвестиция объектісінің маңызды қызметін 
басқаруға қатысты шешім қабылдаған кезде осы құқықты іске асыруға практикалық мүмкіндігі болса, құқық 
нақты болып табылады. Егер топтың инвестиция объектісінде басым дауыс беру құқығы болмаса да, ол 
инвестиция объектісіне қатысты өкілеттіктерге ие бола алады. Мұндай жағдайларда инвестиция объектісіне 
қатысты нақты өкілеттіктерінің болуын белгілеу үшін Топ басқа дауыс беру құқығын ұстаушылар пакеттерін 
ыдырату дәрежесі мен мөлшеріне қатысты өзінің дауыс беру құқықтары пакетінің мөлшерін бағалауы тиіс. 
Басқа инвесторлардың инвестиция объектісінің қызметіне түбегейлі өзгерістер енгізумен байланысты немесе 
ерекше жағдайларда қолданылатын қорғану құқықтары Топтың инвестиция объектісін бақылау мүмкіндігіне 
кедергі келтірмейді. 
Еншілес кәсіпорындар шоғырландырылған қаржылық есептілікке Топқа олардың операцияларын бақылау 
функциясы берілген күннен бастап (сатып алу күні) қосылады және бақылау жасау тоқтатылған күннен бастап 
шоғырландырылған есептіліктен шығарылады. 
Еншілес кәсіпорындар шоғырландырылған қаржылық есептілікке сатып алу әдісі бойынша қосылады. Сатып 
алынған сәйкестендірілген активтер, сондай-ақ бизнесті біріктіру аясында алынған міндеттемелер мен шартты 
міндеттемелер бақыланбайтын қатысу үлесінің шамасына қарамастан, сатып алған күнгі әділ құны бойынша 
бағаланады. 
Топ тікелей қатысу үлесін білдіретін және таратылған жағдайда ұстаушыға әрбір операция бойынша жеке 
немесе а) әділ құны бойынша, немесе б) сатып алынған ұйымның таза активтеріндегі бақыланбайтын қатысу 
үлесіне барабар таза активтер үлесіне құқық беретін бақыланбайтын қатысу үлесін бағалайды.
Тікелей қатысу үлесі болып табылмайтын бақыланбайтын қатысу үлесі әділ құны бойынша бағаланады. 
Гудвил сатып алынған компания үшін төленген сыйақылардың, алған сәтке дейін меншікте болған сатып 
алынған компаниядағы үлестің әділ құны мен сатып алынған компаниядағы бақыланбайтын қатысу үлесінің 
жалпы сомасынан сатып алынған компанияның таза активтерін шегеру арқылы бағаланады. Теріс сома 
(«теріс гудвил») басшылық тағы да бір рет барлық сатып алынған активтер мен барлық қабылданған 
міндеттемелердің, шартты міндеттемелердің сәйкестендірілгенін анықтаған соң және оларды бағалау 
дұрыстығын талдаған соң пайда мен залал құрамында танылады. 
Сатып алынған компания үшін төленген сыйақы шартты сыйақыны төлеумен байланысты активтердің немесе 
міндеттемелердің әділ құнын қоса алғанда, бірақ мысалы консультациялық, заң, бағалау және басқа ұқсас 
кәсіби қызметтер үшін төлеу секілді сатып алумен байланысты шығындарды жоққа шығара отырып, берілген 
активтердің, шығарылған үлестік құралдардың және қабылданған немесе көтерген міндеттемелердің әділ 
құнымен бағаланады. Мәміле бойынша үлестік құралдарды шығарған кезде келтірілген шығындар капитал 
сомасынан шегеріледі, борыштық міндеттемелерді шығарған кезде мәміле бойынша келтірілген шығындар 
олардың баланстық құнынан шегеріледі, ал мәміле бойынша сатып алумен байланысты қалған басқа 
залалдар шығыстарға жатады. 
Топ компаниялары арасындағы барлық операциялар және осы операциялар бойынша іске асырылмаған 
пайда, сонымен қатар, Топ ішіндегі есептемелер бойынша сальдо алынып тасталады. Құнын өтеу мүмкін 
болмаған жағдайлардан басқа жағдайларда іске асырылмаған шығындар да алынып тасталады. Компания 
мен оның барлық еншілес компаниялары Топ саясатына сәйкес бірыңғай есептік саясатты қолданады. 
Бақыланбайтын қатысу үлесі Компания қызметінің таза нәтижелері мен ол тікелей немесе жанама түрде иелік 
етпейтін үлеске сәйкес келетін еншілес компанияның капиталының бір бөлігі болып табылады. 
Бақыланбайтын қатысу үлесі Топ капиталының жеке компонентін құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет