ҚР-ның азаматтық қоғам институттарының дамуы



Pdf көрінісі
Дата03.05.2023
өлшемі29,05 Kb.
#175960
Байланысты:
Новая презентация-1



ҚР-ның азаматтық қоғам 
институттарының дамуы
Орындаған: 11 А сынып оқушысы Жантасқызы Жанат


Азаматтық қоғам - мемлекеттік емес қоғамдық 
бірлестіктер мен институттар жүйесі.
Қазіргі заманғы азаматтық қоғам 4 түрмен жіктеледі:
1)Алғашқы өзін-өзі басқаратын қоғамдастықтарды (отбасылық, мектеп, діни, 
этникалық, шығармашылық ұйымдар, денсаулық сақтау мекемелері және т.б.);
2) еркін еңбек, жеке өмір, кәсіпкерлік және осы негізде қалыптасқан саяси, 
экономикалық, рухани, құқықтық және өзге де байланыстар мен қатынастар 
саласын;
3)әлеуметтік нормаларды (адамгершілік, мораль, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер);
4)жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін (ауыл, кент тұрғындарының қоғамдық 
жиыны мен жиналысы) қамтиды.


Азаматтық қоғамда қайырымдылық институттары 
ерекше орын алады. Қайырымдылық ұйымдары аз 
қамтылған отбасыларға, ауру балалар мен ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім 
балаларға көрсетеді. Соның біріне тоқталсақ:
“ Сәби” қайырымдылық қоры - жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған балаларға, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардағы дарынды 
балаларға, денсаулығында ауыр кінәраты бар балаларға және мүмкіндігі шектеулі 
адамдарға жәрдемдеседі.


Спорттың дамуы.
Азаматтық қоғамда спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Қазақстанда 
олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 
федерациялар белсенді жұмыс жасайды. Бұл бокс, грек-рим күресі, еркін 
және әйелдер күресі, қазақша күрес, дзюдо, су спорт түрлері, жеңіл және 
ауыр атлетика, футбол, волейбол және т.б. федерациялары. Елімізде есімі 
әлемге әйгілі, атақты спортшылар өте көп. Мәселен, бокстан - Серік Сәпиев, 
жүзуден Дмитрий Баландин сияқты чемпиондары мен мәнерлеп 
сырғанаудан олимпиада жүлдегері Денис Тенді атап айтуға болады.


Тағы да азаматтық қоғамдық институттарына 
саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдарды 
жатқызуға болады. Үкіметтік емес ұйымдар ол - 
ресми институттардың қатысуынсыз 
жекетұлғалар немесе басқа да қоғамдық ұйымдар 
құрған бірлестік.
Мысалыға, “Жасыл ел” жастар ұйымы - балалар 
қоғамға пайдалы жұмыстарды атқарады. Жастар 
аумақты көгалдандырумен, қоқыстан тазартып, 
ағаштар отырғызумен айналысады.


Үкіметтік емес ұйымдардың өзіндік ортақ 
белгілері болады:
1)Пайда алу қызметтің негізгі мақсаты болып табылмайды;
2)мемлекеттік орган құрылтайшы және қатысушылар ретінде болады;
3)ерікті негізде құрылады;
4)өзін-өзі басқаруға бағытталады;
5)саясатқа қатыспайды;
6)бейресми негізде жұмыс істейді;
7)ұйым құрамы мен деңгейі бойынша ұлттық та, халықаралықта бола алады.


Қорытындылай келе азаматтық қоғам - заң негізінде 
әрекет ететін мемлекеттік емес саяси құрылымдардың 
қызметін жүзеге асыру жолымен жұмыс істейтін дамушы 
жүйе. Жаңа біз бірнеше азаматтық қоғам 
инститтутардағы ұйымдарға тоқталып кеттік. Және одан 
тағы да басқа үкіметтік емес ұйымдар өте көп. Бұл біздің 
Қазақстан Республикамызда азаматтық қоғам 
институттарының дамып келе жатқанын дәлелдейді. 
Және олардың мақсаты - қоғамда орын алатын түрлі 
мәселерді оңтайлы шешуге кемектесу. Азаматтар 
осындай түрлі институттар арқылы өз құқықтарын іске 
асырып, мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне 
белсене араласады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет