115
бірақ ертегіні ересектер де қызығып оқып, тыңдайды, тіпті ерте кездерде
орыс патшаларының бірі ұйықтау үшін ертегі тыңдайтын болғаны туралы
деректер де кездеседі.
3)
жеке авторлық шеберлік (қарым-қатынас
құзіреттілігі
) (ертегі қиял мен сиқырға құрылатындықтан, оны құрастыратын
автордың ой ұшқырлығы мен қиялы ерекше болуы тиіс, ертегі дискурсы орын
алу үшін ертегішінің қарым-қатынас құзыреттілігі жоғары болу керек.
4)
ұлттық ерекшеліктің болуы
(ертегі дискурсы этностың әлеуметтік-тілдік
тәжірибесінің
нәтижесі
болғандықтан,
онда
әлемнің
тілдік
және
концептуалдық, құндылық бейнесі қалыптасқан, белгілі бір тілдік ұжымның
дүниетанымы, мәдениеті, салт-санасы, дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, тілдік санасы
бейнеленеді). 5)
қарым-қатынас мақсатының болуы
(ертегі дискурсының
мақсаты тыңдаушыға үлгі, насихат, өмірлік сабақ беруді көздейді. Сонымен
бірге тыңдарманға танымдық, көңіл-күй, ләззат сыйлайды. Ертегі дискурсына
қатысушылар тыңдаған ертегісі арқылы өзіне қызықты ақпарат алумен қатар,
кейбір өмірлік жағдаяттарға ене отырып, әділдіктің түбі жеңіске жететіндігі,
жамандықтың жазаланаты, т.б. жөнінде ой түйеді). 6)
дискурстық тәжірибенің
болуы
(халық арасында ертегішілердің болуы, олардың ертегілерді қайталап,
жиі айтуы, ертегілерді айтатын орындардың (жиындарда, тойларда, отбасында
т.б.) болуы, әр түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында айтылуы дискурстық
тәжірибені қалыптастырады). 7)
айтылымның типтік формаларының болуы
(ертегінің басында, ортасында, соңында қолданылатын типтік формалар).
Мысалы
, баяғыда бір бай болыпты, баяғыда бір кедей болыпты, бай болып
барша мұратына жетіпті, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасапты т.б.
8)
айтылымның қайталану сипатының болуы (
ертегіні ерте кездерде бір
халықтар той жиындарда көңіл көтеру мақсатында айтатын болса, кей халықта
уақыт өткізу немесе тәрбиелік мақсатта айтып, тыңдайтын болған). 9)
ертегілік
категориясының болуы
(ғажайыптылық, құндылық, фантастикалық қиял).
Достарыңызбен бөлісу: