80
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары
2-нұсқа
1-БӨЛІМ
1. Шаштының кім екенін табыңыз.
А) әңгіме кейіпкері
В)Мұстафа Шоқайдың оныншы атасы,қыпшақ руы ішіндегі бір бабаның есімі
С)рудың аты
Д)Тасқұл қарттың арғы атасы
[1]
2. «Шашты» шежірелік-эпикалық әңгімесіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін
анықтаңыз.
«Бәйгенің ең қызған шағында кертағыдай бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық
екенін көрсет,менмен текежәуміт бектеріне атасын таныт! Сол сәт менің есіл
өткен қайран өмірімнің құны толық ақталғаны! Қарағым, бұл тойда сен тәуекел
деп бел буып,еліңе қашасың!...»
А)Атажан
В) Кенжебек
С)Тасқұл
Д)Шашты
[1]
3.А.Кемелбаеваның «Шашты» шежірелік-эпикалық әңгімесіндегі ерекшеленген
сөздің қандай көркемдік құрал екенін анықтаңыз. «Түрікмен ежелден марғау
далада тежеусіз құландай өскен ер қазақты қарақшы,бүлікші, тентек көреді».
А) аллитерация, ассонанс
В) метафора, метонимия
С) синтаксистік параллелизм
Д)эпитет, теңеу
[1]
4. Талап Сұлтанбековтің «Көшпелі алтын» әңгімесіндегі ел аузында аңыз болған
жер атын белгілеңіз.
А) Аюлы
В) Бөрілі
С) Қоскөл
Д)Шайтантау
[1]
5. О.Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде қандай тақырып
көтерілгенін анықтаңыз.
А) атажұрттан көшу
В) бейбіт тіршілік
С)қазіргі таңның басты мәселесі
Д)туған жер
[1]
Достарыңызбен бөлісу: