Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Балаларды кішкентай кезінде дұрыс ынталандыру



Pdf көрінісі
бет11/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Балаларды кішкентай кезінде дұрыс ынталандыру
маңызды.
«Егер баққа гүл отырғызбаса, оны міндетті түрде
арам шөп қаптайтыны»
белгілі. Балаларды бағыттап,
түрлі ақымақтықтарға уақыттары болмайтындай, белгілі
бір іске баулу дұрыс деп санаймын. Мектепте оқығанда
ата-анамнан бұрын, таңғы алтыда сағат қоңыруымен
тұрып, олар енді ояна бастағанда кетіп бара жататынмын.
Таңғы сегіздегі жаттығуға жаяу жетемін əрі қарай оқу,
түскі ас, қосымша сабақ, тағы да жаттығу. Біз үйге қас
қарая қайтып, кешкі асымызды ішіп, үй тапсырмаларын
орындап, ұйықтайтынбыз. Менің күн тəртібім осылай
болды. Күні бойы бос болмағандықтан, көше, аулада
отырып, гитарамен əн айту, сыра ішу, қыздармен қыдыру
дегенді білмедік. Көше өмірін көрмедік. Бірақ, оқуға
қызықтыра білген бапкеріміз бен оқытушымыздың
арқасында көптеген қатарластарымыз сияқты нашақор
болып кетпедік, тонаумен жəне тағы басқа зиянды
əдеттермен айналыспадық. Жаратқан ием мені осындай
азғыратын əрекеттерден сақтап, Ленинградқа тəртіпті, өз
бетімен өмір сүре алатын, жаман əдеттерден аулақ жігіт
болып аттандым.
Алтыншы сабақ
Ата-анам маған не үйретті?


Мен өте тату əрі берекелі отбасында өстім. Анам
облыс орталығына келетін туыстарына жиі қол ұшын
беретін. Біз жатақханада тұратын кезде жанұямызда бес
адам болды. (Екінші қарындасым дүниеге келді). Солай
бола тұра, үйімізге туыстар, əсіресе институтқа түсетін
студенттер жиі қонақтайтын. Үйде абыр-сабыр адам көп
болса 
да, 
көңілді 
отыратынбыз. 
Дау-жанжалды
білмейтінбіз. Барымызбен бөлісе білдік. Қазір көп
адамдарға осындай қасиеттер жетіспейтін секілді. Үлкен
жанұяда өмір сүру – ата-аналардың балаларына бере
алатын ең маңызды тəрбиелерінің бірі. Сен онда
басқалардың пікірімен санасуды, мəмілеге келуді,
үлкендерді 
сыйлауды, 
отбасылық 
құндылықтарды
қастерлеуді үйренесің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет