Демалыс күндері жұмыс істемеуге тырысамын,
алайда ұялы телефоным əрдайым қосулы тұрады. Сенбі
жəне жексенбі күндері белгілі бір елге қысқа уақытқа
келіп, барлық жоспарланған кездесулерге үлгеру керек
болғандықтан ғана адамдармен жолығуым мүмкін. Алайда
қатты шаршамауға тырысамын, мысалы сенбі күні жарты
күн жұмыс істеп, ең көбі үш кездесу өткіземін. Алайда,
асқан қажеттілік болса, күні бойы жұмыс істеуім де
мүмкін. Көп жағдайда демалыс күндерін поштаны
іріктеуге қалдырамын. Қызметкерлер мен серіктестерге
жауап беріп, іске қосылған белгілі бір жобаларды бекітіп,
ағымдағы жұмыстарды тексеремін. Бизнесті бастағанда,
жаңа өмір ырғағына дайын болу керек.
Табысты адам қайнаған жұмыс күндері мен демалыс
кезінде өзін өзі дамытуға, кітап оқуға, қызықты істермен
айналысуға уақыт табуы тиіс. Ол бар уақытын тек
жұмысқа
арнамай,
сонымен
қатар
отбасына,
денсаулығына, дамуға, демалуға уақыт бөліп, өмірін тепе-
теңдікте ұстайды. Қазір арасында Қазақстанға келгенде
көп
адамдардың
вокалмен
айналыса
бастағанын
байқаймын. Бұл – өзіңді ашудың, қарбалас тірліктен
сергудің тамаша тəсілі. Əн айтқан менің өзіме де ұнайды.
Алдағы уақытқа вокалдан, латынaмерикалық биден
бірнеше сабақ алуды жоспарлап отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: