283
экономикалық өсудің əрқашанда оң нəтижеге əкеле бермейтін-
дігін ұмытпағанымыз жөн, яғни теріс экономикалық өсу де бо-
лады.
Экономикалық өсудің дағдарысы
– бұл əлемдік тəжіри-
беде нақты жалпы ішкі өнім көлемінің қатарынан үш жыл бойы
жалғасқан 9%-ға дерлік төмендеу көрсеткіші.
Ал қазіргі дамыған нарықтық экономика жағдайында эко-
но
микалық өсудің шын мəніндегі көрінісін тепе-теңдіктік эко-
номикалық өсу сипаттайды.
Тепе-теңдіктік (теңгерімді) экономикалық өсу
– бұл бел-
гілі бір уақыт аралығында бір-біріне тұрақты түрде теңесетін
жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс көлемдерінің ұлғаюын
көрсететін ұлттық экономиканың ұзақ мерзімдік дамуы. Жиынтық
сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңгерімді өсуі нəтижесінде
бағалардың тұрақты деңгейін ұстап тұруға болады.
Экономикалық өсуді график түрінде негізгі үш əдіспен си-
паттауға болады:
1. Нақты ЖІӨ қисығы арқылы.
2. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы.
3. «AD-AS» үлгісінің көмегімен.
Достарыңызбен бөлісу: