«Ботай (Ботай-Терсек) мәдениеті – адамзат тарихындағы жылқы ӛсірушілердің
алғашқы
мәдениеті
. Ботай қонысы б.з.б. 3700-3100 жылдары ӛмір сүрді. Ботайлықтар жылқы ӛсірумен
айналысты. Жылқы еті мен қымыз олардың негізгі азықтары болды. Олардың жылқыны қолға
үйретуі мен атқа салт мінуін Ботай қоныстарынан табылған ат әбзелдері,
тұсауға арналған
ілмектер
мен басқа да заттар дәлелдейді. Жылқыны қолға үйрету б.з.б. ІV мыңжылдықтың
ортасында Солтүстік Қазақстан даласында басталды. Энеолит дәуіріндегі ботайлық жылқы ӛсіру
мәдениеті Ұлы Даланың малшаруашылығы ӛркениетінің негізі және қазақтардың кӛшпелі
мәдениетінің алғашқы бастауы болды. Олардың бұл мәдениеті болашақтағы қазақтардың
кӛшпелі ӛркениетінің тікелей негізі саналады. Ботайлықтар мыс қорытуды білмеді, бірақ тастан
және сүйектен құрал жасауды жақсы меңгерді. Олар ағаш бӛренесінен жартылай дӛңгелек
баспана
тұрғызып
, оның жіктерін шӛппен және мүкпен тығыздап бітеді. Тӛбесін сазбалшықпен
сылап,
шыммен жауып
, түтін шығатын тесік қалдырды. Қабырғаларға ет сақтайтын орындарды
ойып жасады. Б.з.б. ІІІ мыңжылдықта Ботай мәдениеті
ӛз ерекшелігін жоғалтты
. Бұған
табиғаттың қуаңшылыққа ұшырауы және жылқы басының азаюы себеп болды. Ботайлықтар
ӛз
қоныстарын тастап
, Оңтүстік Орал мен Шығыс Қазақстандағы балық аулау мен аңшылықты
кәсіп еткен тайпалар арасына сіңіп кетті».
Достарыңызбен бөлісу: