Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


Тапсырма Балықтың басына мәтін атауын, қаңқаларына айтыс өнерінің дамуына қатысты  ақпараттарды жазыңыз



Pdf көрінісі
бет44/48
Дата20.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#177291
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар жина ы

Тапсырма
Балықтың басына мәтін атауын, қаңқаларына айтыс өнерінің дамуына қатысты 
ақпараттарды жазыңыз. 
 

Айнұр ханым, бүгінгі күні айтыста жүрген ақын қыздарымыздың бірісіз. Отбасы мен 
өнерді қатар алып жүру қиын емес пе?
 

Шын мәнінде, қазір айтыста жүрген қыздар өте аз. Кез келген сахнаның көркі әйел 
ғой, халық та қыз бен жігіттің айтысын, қыздардың еркелеп, назбен айтқанын сағына 
күтетін шығар. Ал екінші жағынан, қыздар аз болғаннан кейін, ер азаматтар бізді 
сыйлап, құрметтейді. Қалай болғанда да, айтыста қыздардың көбейгенін қалар едім. 
Дәл қазіргі уақытта республикалық айтыстарға шығып жүргеніміз санаулы қыз ғана. 
Сара, Әсем үшеуіміз ғана өнер таластырып жүрміз.

Айтыста жүргеніңізге жиырма жылдан асты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан 
өнерінің бүгінгі жағдайын қалай бағалайсыз? 

Айтыс жақсы дамып келеді деп ойлаймын. Жас ақындар көп. Олар елдің сөзін айтып, 
сүйіспеншілігіне бөленіп, үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Мемлекет айтысты 
қамқорлығына алды. Қазіргі уақытта эфирден қайта беріле бастады. Халықтың айтысқа 
деген махаббаты, ақынның қоғамдағы рөлі жеңді ғой деп ойлаймын. Тағы бір айта 
кетерлігі, осы күні айтыс жиі ұйымдастырылады.
-
Сұхбатыңыз үшін сізге алғыс айтамын. Сау болыңыз! 
-
Сау болыңыз! 
64 


ЖОБА 
Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. 
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы 
қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара 
Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса 
Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы 
жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы 
мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын 
өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен 
келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп 
отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан 
амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер 
ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. 
Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер 
сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік 
пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының 
бәрі Біржан мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты 
суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ. Жұмалиевтің 
либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды.
Сұрақ 
Жауап 
Айтыс қандай мәселелерді қозғады? 
Айтыс негізінде қазақ әдебиетінде қандай 
туындылар дүниеге келді? 
Екі ақынның арасындағы айтыс қағаз 
бетіне қашан түсірілді? 
Біржан Жетісу жеріне қандай мақсатпен 
келді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет