Дескриптор Білім алушы -
мәтіннен нақты аргументтерді белгілейді;
-
өнертабысқа қатысты өз ойын білдіреді;
-
пікірін мәтіндегі аргументпен байланыстырып, өмірден мысал
келтіреді.
Оқу мақсаты 8.4.1.1
Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап,
шағын мақала, пікір, интервью жазу
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Білім алушы •
Шағын мақала, пікір, интервью жазуда жанрлық және
стильдік ерекшелігін сақтайды
Қолдану
1- тапсырма Мәтінді мұқият оқып, маңызды деп санайтын ақпараттардың астын сызыңыз.
Қазақстандық өнертабыстар Қостанай өңірінің тумасы Бақытжан Әлменов гидравликалық қондырғы ойлап тапты.
Өз өнертабысын ол осыдан 10 жыл бұрын Женева халықаралық бюросына тіркетіп,
патент алған. Қондырғы «Әлменовтың гидравликалық қондырғысы» деп аталады. Ауа
компрессормен алынып, құбырмен төмен, барабанға жіберіледі. Бұл барабан ауаны
жинақтайтын және сол ауаны ретімен таратып отыратын механизм. Сол жерден клапан
ашылып,
қапшыққа
өзінің
мөлшерленген
көлемін
беріп
отырады.
Валерий Морев көлік жүргізушісі белдік тақпайынша көлікті орнынан қозғалтпайтын
құлып ойлап тапты. Бұл жол көлік ережесін сақтай бермейтін алаңғасар көлік
жүргізушілерін қауіптен сақтауға септігін тигізбек.
Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты
Серікбол Шаймардан электрондық бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны бесікпен
қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын тербеткіштің
құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға болады.
2- тапсырма Мәтіндегі ақпараттарды аргумент ретінде пайдаланып, жаңа өнертабыс туралы өз
пікіріңізді жазыңыз.
7