6. Осы дәкемен медициналық қондырғыларды сүртеміз
7. Медициналық қондырғыдар наконечниктерді шешіп, және
қолданылған
медициналық инструменттерді алып, арнайы медициналық контейнерге
саламыз
8. Осы контейнер орталық стерильдеу кабинетіне апарылады.
9. Әкелінген медициналық инструменттер 15 минутқа дезинфекциялық
ерітіндіге
салынады
10. 15 минуттан кейін, ағын суда шайылып, жуылады.
Дезинфекцияның механикалық әдісі микроорганизмдерді ӛлтірмейді. Ол
патогенді және шартты - патогенді формаларды қоса алғанда, микрофлораны
объектілерден шығаруға негізделген. Бұл ауаны, суды сүзу арқылы
сүзгілердің әртүрлі конструкциялары, қатты
және жұмсақ беттерді
шаңсорғышпен ӛңдеу, объектілерді механикалық тазалау арқылы жетеді.
Механикалық әдіс ӛңдеудің бірінші кезеңі ретінде қолданылады. Ол
медициналық бұйымдардың сыртқы және ішкі бетінен ластануын жою
мақсатында жүргізіледі. Жүргізілген тазалау нәтижесінде
олардың
микроорганизмдермен тұқымдылығы тӛмендейді.
3. Дезинфекциялаудың физикалық әдісінің алгоритмі.
Физикалық әдіс түрлері
- Қайнату (шыныдан, металдан, ыстыққа тӛзімді полимерлік материалдардан,
резеңкеден, латекстен жасалған инструменттер үшін қолданылады)
1. Медициналық инструменттерді ағынды суда шайю (органикалық
ластануларды шаю үшін).
2. Медициналық инструметтерді дистиллдинген суы немесе екі кӛмірқышқыл
натрий 2% тазартылған суы (ас содасы) бар дезинфекциялық қайнатқышқа
саламыз
3. Медициналық инструменттер суға толығымен батуын қадағалаймыз
4. 100 градус Цельсии бойынша дистиллдинген суда 30 минут, ал екі
кӛмірқышқыл натрий 2% тазартылған суда 15 минут қайнатамыз. Уақыт
қайнаған кезінен саналады.
- Бу әдісі (автоклавтау) (шыныдан, металдан, ыстыққа тӛзімді полимерлік
материалдардан, резеңкеден, латекстен жасалған инструменттер үшін
қолданылады)
1. Медициналық инструменттерді стерильді қорабына салады.
2. Кейін осы қорапты бу стерилизаторына салады.
3. 0,02-0,05 МПа (0,2-0,5 кгс/см2) артық қысым кезінде 110°С
температурада
және 20 минут экспозицияда дезинфекциялау үшін бу стерилизаторларында;
бу-ауа-формалин камераларында 97-98°С температурада бу-ауа қоспасы
түрінде ӛткізіледі.
- Ауа әдісі (органикалық заттармен ластанбаған ӛнімдер үшін ғана
қолдануға
болады. Шыныдан, металдан, силиконды резеңкеден жасалған
инструменттер үшін қолданылады)
1. Медициналық инструменттерді қорапсыз ауалы стерилизаторға саламыз
2. Құрғақ ыстық ауа температурасы - 120°С 45 минутқа саламыз. Уақыт
қайнаған кезінен саналады.
Физикалық әдісті қолдана отырып дезинфекциялау-физикалық
дезинфекциялаушы агенттердің микробқа
қарсы әсері есебінен
микроорганизмдердің ӛлуін қамтамасыз етеді. Физикалық әдіс экологиялық
таза және тиісті әдістемелік нұсқауларды сақтай отырып, персонал үшін
қауіпсіз. Дезинфекциялау алдында физикалық
әдістердің бірін қолдана
отырып, ағынды суы бар ыдыстарда органикалық ластанудан инструменттер
мен құрал-саймандарды тазарту жүргізіледі.
4.
Достарыңызбен бөлісу: