Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы-
стретчинг, ырғақ
пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация,
эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу
гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.
Өздігінен даму технологиясы
- бұл студентті жан-жақты дамыту, дербестікке
тәрбиелеу, санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі, мұнда тәрбие үрдісі
студенттің дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана ол өзін дамыта алады.
297
297
Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім
табиғат берген даму жолымен жүреді. Әр студенттің іс-әрекеті өз еңбегіне орай үлкендердің,
құрбылар тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе студент өзін-өзі бағалайды.
Ынтымақтастық педагогикасы
- педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-
қатынас педагогикасына көшуі. Студенттке ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің
ажырамас бірлігі: педагог - студент, студент-педагог, студент-студент, яғни студент те
педагог те субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, студенттің басына ізгілік қарым-
қатынас, екеунің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау. Бұл
технологияның негізгі мақсаты - студентті азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін
қалыптастыру және дамыту, студенттің жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Дамыта оқыту технологиясы
- студентті оқыта отырып, дамыту. Оның бойында
еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік,
белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.
Қашықтықтан оқыту (ҚО)
- білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту
процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің териоториялық
алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың
көмегімен жүзеге асырылады. Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім
берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім
деңгейін к
ө
теру. Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық)
деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала
(институт) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана
емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс
жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды
пайдалана отырьп, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған
орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып,
шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы
қажет.
Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа
технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс
жүргізу ісін орындау шарт. Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және
осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта
ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы
білуі қажет.
Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы
қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы
қажет.
Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын
қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және
ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы
қажет.
Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі
модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды
ө
ткізуді ұйымдастыра
білуі қажет.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау,
қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ
ө
ткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
298
298
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің
ақпараттық
технологияларын,
дәлірек
айтқанда,
электрондық
оқулық
және
бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік
арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы
мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |