«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІЛЕРГЕ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ



Pdf көрінісі
бет264/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІЛЕРГЕ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ 
ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Бекшина Үміт Советовна 
Магазова Алмагул Толеугазиновна

№ 145 «Балапан» балабақшасы, КМҚҚ 
Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен 
тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Балабақшада тәрбиеленіп келе 
жатқан балада музыканы тындау, оны түсіну, есте сақтау, ән салу, би билеу, аспаптарды тану 
қабілеттері бірте-бірте қалыптасады.
Музыкалық оқыту – музыкалық іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті білімдер, біліктер 
және іс-әрекет тәсілдерінің процессі.
Музыкалық тәрбие – ұйымдастырылған педагогикалық процесс, музыканың 
адамгершілік-эстетикалық мазмұнын меңгерту негізінде, өзіне және қоршаған адамдарға, 
әлемге эмоционалды-құндылық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.
Музыкалық тәрбие әдістері
- педагог іс-әрекеті ретінде анықталып, баланың жалпы 
музыкалық-эстетикалық дамуына бағытталады. Олар педагог пен баланың белсенді өзара 
байланысы негізінде құрылады. Осындай күрделі педагогикалық процесте баланың іс-
әрекетін ұйымдастырып, оның жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, дағдыларын 
ескере отырып, педагог жетекші рөлді атқарады[1].
Әдістер музыкаға деген эстетикалық тәрбиеге, эмоционалды әсер алғыштыққа, 
музыкалық қабылдауға, қарым-қатынасты бағалауға, әсерлі орындаушылыққа бағытталған. 
Осының бәрі мектеп жасына дейінгі баланың жасына қарай өзгеріп отыратын жалпы 
музыкашылдығының әр түрлі сәттерінде кездеседі. Сонысына қарай тәрбие әдістерінің де 
өзгеріп отыруы тиіс. 
Тәрбие әдістері нақты оқу міндеттеріне, музыкалық іс-әрекет түрлерінің әртүлі 
сипатына, ақпарат көздеріне қарай алуан түрлі болып келеді.
Музыка құралдары арқылы сендіру әдісі
. Біріншіден мектеп жасына дейінгі баланы 
музыка құралдары арқылы өнерге тәрбиелеуде сендіру әдісін қалай қолдану керектігін 
қарастырамыз. Бұл жағдайдағы тәрбие процесі музыкамен тікелей байланты екендігін 
білдіреді. Орындалу жеткілікті, ашық, темпераментті және әсерлі болуы тиіс. Тек сонда ғана 
балалар бойынан эмоционалды әсер алғыштықты, эстетикалық уайымды тудыра отырып, 
белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізе аламыз.
Орындаушылық әсерлі, шынайы, түсінікті болуы үшін сол шығарманың мазмұнын, 
сипатын, көңіл-күйін жақсы білу қажет. Сондықтан бірнеше қайтара орындап беру процесі 
арқылы шығармамен танысамыз. Композитор Б. В. Асафьев: «Музыканы тыңдау – оны 
түсіну» деп атап көрсеткен.
Музыка — «сезімдердің тілі». Музыка белгілі бір көңіл-күйді тудырады, толғандырады, 
ойландырады.
Сонымен, сендіру әдісі арқылы музыкалық шығарманы дұрыс түсінуді, жақсы 
талғамды, жағымды сезімдерді дамытамыз. Әннің мәнін түсіну арқылы бала бойында әртүрлі 
сезімдер, әсерлер қалыптасады. 
Үйрету және жаттығу әдісі. 
Енді жаттығу әдісін балалардың музыкалық іс-әрекетін ұйымдастыру әдісі ретінде 
қарастырамыз. Музыкаға деген эстетикалық қатынасты дамыту үшін балалардың 
қызығушылығын, белсенді іс-әрекетін, зер салып тындауын, дыбыс ерекшеліктерін 
салыстырып, ажырата білуін, ритмді түрлендіре білуін қалыптастыру қажет. Бұл жұмыс 
жүйелі түрде жүруі тиіс.
Атақты педагог В. А. Сухомлинский, сезімдерді (сонын ішінде эстетикалық сезім 
туралы) тәрбиелеудің қиындығы жайлы былай деген: кейде бала бойындағы сезімдердің 


593 
593 
қалыптасуын жылдар бойы күтуге болады деген. «Тәрбиешінің басты міндеті әрбір баланың 
қолына скрипка беріп, музыканың қалай туатынын сезіндіру» деп жазған.
Музыкаға деген эстетикалық қатынасты үйретуде тәрбиешіге шыдамдылық пен 
тұрақтылық қажет.
Мектеп жасына дейінгілердің музыкалық тәрбиесінің дамуы, музыкалық тәрбиенің 
әдістері болып табылатын сендіру және жаттығу әдістері арқылы жүзеге асады[2]. 
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық білім беру әдістері – 
педагог пен баланың 
өзара байланыс іс-әрекеті, мектеп жасына дейінгілердің музыкалық мәдениет негіздерін 
қалыптастыруға, музыкалық қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.
Көрнекілік – сөздік әдісі 
— музыкалық шығарманы педагогпен немесе техникалық 
құралдардың жабдықтарымен орындау болып табылады. Көрнекілік – сөздік әдісін 
қолданудың нұсқалары (мәселелік жағдайды тудыру): 
-
жанды дыбыс пен жазылған дыбысты салыстыру;
-
2-3 шығарманы өзара салыстыру. 
Көрнекілік-көзбен көру әдісінде
- суреттер, картиналар, үлестірмелі карточкалар көмекке 
келеді.
Осы әдісті қолданудың мәселелік жағы:
— үш картинадан музыканың мазмұнына келетін бір картинаны таңдап алу; 
— картинамен 2-3 музыкалық шығарманы салыстыру және мазмұнына жақын келетінін 
таңдап алу. 
Сөздік әдіске
- әңгіме, мазмұндау, түсірдіру және т.б. жатады. 
Бұл әдістің ерекшелігі тұрмыстық емес, образдық сөйлеуге негізделеді. Бұл жағдайда 
педагог ашық, сауатты, мәнерлі, эмоционалды сөйлеуі қажет. Әдіс мәселелік сипатқа ие емес. 
Егер балаларға салыстыру, өз ойын айту сияқты (сипаты, жанры, құралдары) тапсырмалар 
берілсе, әдіс мәселелік сипатқа ие болады.
Практикалық әдісте 
- қимылдың, аспаптардың көмегімен көмегімен ән айту жүзеге 
асырылады. 
Егер педагог орындау іс-әрекеттерінің бірнеше нұсқасын ұсынған кезде әдіс мәселелік 
сипатқа ие болады: 
— бірнеше қимылдардың ішінен музыка сипатына сәйкес келетінін таңдап алу 
ұсынылады;
— музыкаға сәйкес келетін бірнеше нұсқалы қимылдарды баланың өздігінен таңдап 
алуы ұсынылады[3]. 
Әдістерді таңдау балалардың жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі: 
Кіші мектеп жасына дейінгілерге көрнекілік және практикалық әдістер қолданылады. 
Сөздік қоры аз балаларға сөздік әдіс қолданылады. Олардың сөздік қоры әлі дамымаған. 
Педагог балалардың сөздік қорын арттыру мақсатында, жаңа сөздерді қолдануды үйретеді.
Ересек мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық пен дербестікті тудыруға 
себеп болатын барлық мәселелік әдістер қолданылады. Жоғарыда көрсетілген барлық әдістер 
мектеп жасына дейінгілердің музыкалық дамуына, музыкалық білім алуына септігін тигізеді.
Әдістерді таңдау музыкалық шығармамен жұмыс істеудің кезеңдерін анықтайды: 
1 - кезеңде — көрнекілік-есту және сөздік әдістер жетекші рөл атқарады. 
2 - кезеңде — практикалық әдістің рөлі арта түседі, яғни бұл әдісте көрнекілік және 
сөздік әдістерді пайдалана отырып, әртүрлі тәсілдер арқылы әнді орындап беру. 
3 – кезең — (шығарманы жатқа айту) практикалық әдіс дербестік пен шығармашылыққа 
ұласады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет