610
610
мнемокесте тақтаға ілінеді. Бұл балалардың сөзбен ғана емес, кесте арқылы көзбен көріп,
көңіл - күйлерін қуанышқа бөлейді. [3,2-13б]
Ойын мнемокесте қолдану барысында ең басты
элемент болып саналады. Мнемокестені қолдану әдісі -
баланың ынтасын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке
аударуға, көңіл қойғызуға , қабылдауын жеңілдетуге,
білімді толық игеруге көмектеседі, эмоциялық бояу
береді.
Жұмбақ жасырғанда да мнемокестенің маңызы зор,
жұмбақты тыңдай отырып, мнемокестені көре отырып,
жұмбақтың шешімін тез табуға машықтандырамыз:
Мнемокестелер тақпақтарды жаттаған кезде ерекше тиімді. Оның мазмұны мынада:
әр сөзге немесе кішкентай сөз тіркесіне сурет (бейне) ойдан шығарылады. Осылайша, барлық
тақпақтар сызба түрінде бейнеленеді. Бұдан кейін бала графикалық бейнені қолдана отырып,
есте сақтау арқылы тақпақты бүтіндей дыбыстайды. Тақпақты жаттауға үйрету үшін керек
суреттерді қолдану балаларды қызықтырады, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін ойынға
Достарыңызбен бөлісу: