«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет275/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.«Салт-дәстүрі халқымның» кітабы құрастырушы: Гүлнар Қисықова 
2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» №6 2013ж 
3. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы Базарбек Төтенов
4.Алматы «Қайнар» баспасы 1994ж 
5. «Балабақша және отбасы» 2012ж 
6. «Жалын» республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журнал №9 2015ж 
 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
Акселеуова Ж.О. 
КМҚК №15 «Аққу» балабақшасы 
Еліміз жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру 
мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына жеткізетін ұл-қыз 
тәрбиелеуді талап етуде. Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды 
өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім 
қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық 
қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. 
Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, 
бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл 
халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ 
өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол 
жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып 
табыстарға қол жеткізеді.Жақсы ән мен сазды музыканың – жан азығы. Әсем ырғақты жан 


627 
627 
тербетер ән, музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып ерекше сезімге, қуанышқа 
бөленеді. 
Әуен – адам өмірінің серігі, эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Музыкаға деген 
сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму 
процесінде қалыптасады. Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. «Ол жоқ жерде, адам 
тірлігі 
де 
жоқ» 
деп 
Ю.Фучек 
өте 
тауып 
айтқан. 
Әуен адамды шаттыққа бөлеп мұң зарын сейілткен. Музыканың әсер ықпалының 
күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез — құлқымен салт-дәстүрінде өзгерте алады. 
Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық тарих танушы, музыка зерттеушісі Сыма Цяньның 
мына пікірін еске алайық: «Дүниеге келген адам өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілеп 
туады. Ал қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі 
де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, адам бойындағы сезімді 
қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер». Әуен — рухани қазына. Рухани қазынаның 
мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына 
сіңіріп 
өседі. 
«Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» М.Әуезов. 
«Туғанда дүние есігін ашады өлең» — деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін 
ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап — ақ музыка әсер етеді. Ең алғашқы 
анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын 
тынышталдырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді.Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты 
ырымдар «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» т.б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, 
жырсыз өтпеген. Бала өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы 
ортаның әсерінен бала бойында әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй қалыптасып, 
эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді 
көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады. Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй-тәй қадам 
басқаннан — ақ балабақша есігін ашады. Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие бере 
отырып, жан-жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы балабақшада 
жалғасады. Ән айту – музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы және баланы жан-жақты 
жарасымды 
жетілдіру 
міндеттерін 
шешуде 
елеулі 
роль 
атқарады. 
Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тыныс алуына, 
дауыс 
аппаратын 
шынықтыруына 
көмектеседі. 
Музыкалық ырғақты қимылдарды жүргізу баланың бойында естуді, есте сақтауды, 
икемділік пен шапшаңдықты, зейінді, іскерлікті, балалардың дене бітімінің сұлу да, 
сымбатты 
болып 
қалыптасуына 
көмектеседі. 
Музыка тыңдауда балалар әр түрлі образдағы музыкалық шығармаларды тыңдап, 
мазмұнын, сипатын, көңіл-күйін ажырата біледі. Жалпы музыканың күйін сезінуге, көркем 
образдың дамуын қадағалауға бейімделеді. Музыканы жасаушы композиторлар, авторлар 
туралы туралы алғашқы мағлұмат алады. Балалар музыкалық аспаптарын ойнау 
Музыкалық аспаптарды танып білуге, аспаптарды ойнау әдіс-тәсілдерін үйренуге, олардың 
тембрлерінен ажырата білуге үйретеді. Жеңіл әндерді аспаптарда ойнап, ырғақтық бейнесін 
бере отырып, ойнауды меңгереді. Музыкалық есту түйсігін, шығармашылық қиялын 
жетілдіреді. 
Ырғақтық 
сезімін, 
динамикалық 
есту 
қабілетін 
дамытады. 
Қимылды және дидактикалық ойындар баланың музыкалық есту, шығармашылық 
қабілеттерін дамытады. Нота сауатының бастапқы элементтерін қызғылықты формада 
меңгеруге 
көмектеседі. 
Осы қызмет түрлерін нақты да, жүйелі жүргізудің нәтижесінде балалардың бойында жалпы 
музыкалық 
қабілетін, 
дамытып 
қалыптастырады. 
Әсемдікті қабылдап сезіну, түсіну, жақсы мен жаманды байқап шығармашылық тұрғыдан 
жеке қимыл жасауға көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін қалыптастырып, 
дамытып, 
жетіледі. 
Мектепке дейінгі жастағы баланың музыкамен айналысуының маңызы зор.Балалар 
халық әндерімен қатар түрлі классикалық музыка және вокалдық шығармалар, аспаптық 


628 
628 
шығармаларды тыңдап,ішкі дүниесімен қабылдауға тырысады. Музыканы түсіністікпен 
дифференциалдық түрде белсенділікпен қабылдайды. Балалар музыканы тыңдап, ән айтып, 
билейді, музыкалық ойындарға қатысып, қол ұстасып айналады, балаларға арналған 
салтанатты әндерді орындау мен қатар үлкендермен бірге ән айтып, ойын сауықтың 
шараларға мерекелік Жаңа жыл, 8-наурыз, Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні мейрамына 
арналған ертеңгіліктерге қатысады. Музыкалық сауаттылығын ойнауға қызығушылығы 
артады. Ол үшін сазды естіп-тыңдау қабілетімен қатар баланың эмоционалдық қасиеттерін 
дамытып, ойын түрлерін, жоғарғы дауыстық әуендерді пайдаланған жөн. Қол қимылмен 
дыбыстық елестетуді байланыстыра білу керек. Балаланың музыкалық дыбысты ажырату 
қабілетін дамыту -шаруашылыққа деген қызығушылықты арттырып, музыкалық 
аспаптарда ойнап үйренуге жол ашады. Баланың саз жетекшісі , тәрбиеші, ата-аналары 
оларды музыкалық мәдениетке, оның тілін ұғынуға, музыка арқылы тұлғаның қасиетінің 
қалыптасуына көмектеседі. Үлкендердің музыкаға деген қызығушылығы , талғамы, балаға 
сенімі, сыйластығы, түсінушілігі байланыстығы шеберлігі жақсы жетістіктерге қол 
жеткізеді. Балаларды музыканы сүюге,оның тілін түсіне білуге, яғни олардың 
көркемдік талғамымен тәрбиелеу керек.Олар (хал, ішек,үрмелі)оркестр әуен ритм, екпін, 
жылдамдық, динамика, балет,опера,оперетта, концерт секілді терминдерді түсініп ұғынуға 
қабілетті. Музыкалық тәрбие берудің келесі санатында балаларды түрлі сипаттағы 
музыкамен таныстыру арқылы жалғасады музыкаға қызығу бір жаныр музыкадан 
айырмашылықтарын сипаттау мүмкіншілігі қалыптасады. Қазіргі музыканың өнер туралы 
айтылады. 
Ересек топтарындағы музыкалық тәрбие берудің негізгі міндеттері. Түрлі сипатындағы 
музыкаға қызығушылық және эмоцияналдық серпілісті дамыту және қалыптастыру музыка 
басталғанда немесе оны тыңдап отырып, оның сөзін естімей-ақ таныс шығармаларды 
басқаларынан айырып, оны еске сақтау бойынша музыкалық қабылдау қасиетін дамыту. 
Қабілетті қалыптастыру туралы айта отырып,шығармашылық қабілетті қай жастан бастап 
дамыту керектігін білу қажет.Психологтар бір жарым жастан бес жасқа дейінгі әр түрлі 
мерзімді айтады.Шығармашылық қабілетті өте ерте жастан дамыту қажет деген болжам 
бар.Бұл болжам физиологияда бекітілген.Баланың миы тез өседі және бірінші жылы 
қалыптасады.Бұл өсу демек ми жасушаларының өскенін және қалыптасқан құрылымының 
жұмысының көп түрлілігіне және жылдамдығына байланысты.Осы өсу кезеңі сыртқы 
жағдайларға сезімталдық туындайтын уақыт.Дамудың кең мүмкіндігінің жоғары 
уақыты.Бірақ баланың дамитын қабілеттеріне ынта жағдайы болуы керек.Жағдайы 
жайлы,ұтымдылыққа жақын болса,дамудың табыстылығы басталады.Егер өсіп өну және 
қызмет көрсетудің басталуы бір уақытта болса, онда даму мүмкіндіктің жоғарылауымен 
жеңіл болады.Даму үлкен биіктікке жетеді,бала қабілетті,талантты және дарынды болуы 
мүмкін. Бірақ қабілеттердің даму мүмкіндігі өсудің жоғары кезіне келіп өзгермей қалуы 
мүмкін.Егер осы мүмкіндіктер қолданылмаса,сәйкес қабілеттер дамымайды,қызмет 
көрсетпейді,егер 
бала 
қажетті 
іспен 
айналыспаса,онда 
бұл 
мүмкіндіктер 
қолданылмаса,сәйкес қабілеттер дамымайды,қызмет көрсетпейді,егер бала қажетті іспен 
айналыспаса,онда 
бұл 
мүмкіндіктер 
жоғала 
бастайды,дағдарысқа 
ұшырайды. 
Шығармашылық қабілетті қалыптастыруға қажетті қажетті құрылымының өсу кезеңімен 
осы қабілеттің дамуының қиындығына мақсатты дамуы арасындағы айырмашылық 
қабілеттің 
даму 
деңгейінің 
төмендеуіне 
әкеледі. 
Шығармашылық қабілеттің табысты дамуына бірінші қадам баланың дене дамуы ерте 
жүру,гимнастика,ерте еңбектеу және жүру.Содан соң ертерек оқу,санау,әр түрлі 
құралдармен,материалдармен 
танысу. 
Баланың шығармашылық қабілеттің дамуының екінші жағдайы балаға алдын ала дамуға 
жағдай жасау.Керекті жағдайда тиімді дамуға әртүрлі шығармашылық қызметке 
ынталандыратын ортамен баланы мүмкіндігінше қамту қажет.Мысалы,бір жастағы баланы 
оқытуға үйретпесе бұрын,әріпті кубиктер,қабырғаға әліпбиді ілу және ойын кезінде балаға 
әріптерді айтып отыру тиімді.Бұл баланың оқуды ерте меңгеруіне ықпал етеді. 


629 
629 
Үшінші,оң маңызды жағдай шығармашылық қабілетті дамыту көп ойлануды қажет ететін 
шығармашылық үдеріс.Қабілеттің дамуы адам қызметінің мүмкіндігінің жоғарылай 
беруіне байланысты табысты болады.Күштің ең көп жұмылу жағдайы бала еңбектеп 
сөйлемей жүргенде тез жасалады.Бұл кезде айналаны тану үрдісі жылдам,бірақ бөбек 
ересектер тәжірибесін қолдана алмайды,себебі кішкентайға ештеңені түсіндіру мүмкін 
емес. Сондықтан,бұл кезеңде бөбек шығармашылықпен айналысуға мәжбүр, көп мәелені өз 
бетімен ешкімнің үйретуінсіз шешуі керек.Баланың добы диван астына домалап кетті,егер 
бала осы міндетті шеше алмаса,ата аналар диван астынан допты алып беруге асықпауы 
керек. 
Шығармашылық қабілеттің табысты дамуының төртінші жағдайы балаға өз қызметін 
таңдауға 
бостандық 
беру,жұмыстарын 
алмастыру,бір 
іспен 
айналысудың 
ұзақтығы,тәсілдерін таңдауы.Сонда баланың тілегі,қызығушылығы,сезімталдығы мықты 
кепілдік болады,ойдың жігерлігі шаршатпайды,балаға пайда әкеледі.Бірақ балаға осындай 
бостандық беру ересектердің ақылды,мейірімді көмегін керек етеді.Бұл шығармашылық 
қабілеттің табысты дамуының бесінші жағдайы.Мұнда бастысы бостандық беру,бәріне 
рұқсат 
ету,көмек 
көрсету. 
Мектепке дейінгі балалық шақ қиялдың дамуы үшін сензетивтік кезең.Бір қарағанда 
мектепке дейінгі балалардың шығармашылық дамуы негізі.Балалардың қиялы ересектердің 
қиялынан 
бай 
деген 
ұғым 
таралған. 
Қиялдың 
шығармашылық 
қызметі 
адамның 
тәжірибесінің 
әр 
түрлілігіне 
байланысты.Баланың тәжірибесін кеңейту оның шығармашылық қызметінің нақты 
негіздері деп педагогикалық қорытынды жасауға болады.Бала көп естіп,тыңдап 
көрсе,меңгерсе,соншалық оның тәжірибесі молаяды,қиялдың қызметі бірдей жағдайларда 
маңызды 
және 
өнімді 
болады. 
Қиял тәжірибе молайғаннан түрленеді.Мысалы ата аналар балаларымен әңгімелесіп,бір 
жағдайларды айтады.Бала мұны тыңдамайды ,себебі олорды әңгіме қызықтырмайды. 
Мектепке дейінгі баланың танымдық қызығушылығы ерте басталады.Алдымен ол баланың 
сұрақ беруі 3-4 жасынан басталады.Бірақ бұл танымдық қызығушылық тұрақты болып 
немесе жоғалып кетуі мүмкін.Ересектер баланың білімге құмарлығын мадақтап,білімге 
деген 
қажеттілік 
тәрбиелеуі 
керек. 
Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығы екі бағытта жүреді: 
1.Баланың тәжірибесін біртіндеп байытып,осы тәжірибені түрлі білімдермен толықтырып 
отыру.Балаларға қоршаған орта жан жақты көрінсе,оның танымдық қызығушылығы пайда 
болып 
беки 
түседі. 
2.Бір саланың ішінде баланың танымдық қызығушылығын тереңдету және кеңейту. 
Баланың танымдық қызығушылығын дамыту үшін ата-аналар баланы қызықтыратын 
жағдайды білу керек,содан соң оны дамытуға ықпал ету қажет.Баланың тұрақты 
қызығушылығының туындауы үшін баланы қызметтің жаңа саласымен тек таныстырып 
қана қоймау керек.Оның жаңаға қызығушылық сезімі болуы керек.Ересектер бір пайдалы 
жұмысты немесе сүйікті сазды тыңдауға ұсынады.Ересетер әлемінің осы жағдайына 
қатысты болуы баланың осы жұмысқа қызығушылығын арттырады.Балаға оның ойлау 
қабілетін 
арттыратын 
сұрақтар 
қою 
керек. 
Тәжірибе білімді жинақтау –ойлаудың шығармашылығын дамыту.Егер адам өз білімін 
қолдана алмаса,міндеттерді шығармашылықпен шешпесе,білім пайдасыз,жүк болуы 
мүмкін. Ол үшін өз қызметінде жиналған ақпаратты қолдана білу тәжірибесі керек. 
Өнімді шығармашылық қиял образдардың байлығымен және айрықшылығымен 
ерекшеленеді.Қиялдың маңызды қасиеттерінің бірі-ойды керекті арнаға бағыттау. 
Ойды басқара алмау,өз мақсатына бағындыра алмау,жақсы ойлардың іске аспай қалуына 
әкеледі. 
Сол себепті мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытудың маңызды жағы-бұл 
қиялдың 
бағыттылығы. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың кішілерінің қиялы анықталмаған сипатта.Ересектер 


630 
630 
балалар қиялын дамытуға өз ойларын жүзеге асыруға,аз болса да,кішкене ойларын іске 
асыруға көмектеседі.Осы мақсатта ата –аналар рөлдік ойындар ұйымдастырып осы 
ойынның барлық жақтарымен танысуы қажет.Ұжыммен ертегі құрастыруды 
ұйымдастыруға болады;ойынға қатысушылар бір-бір сөйлемнен айтады,ал ересектер 
керекті бағыт беріп ойлағандарын аяқтауға көмектеседі.Арнайы папкалар мен альбомдарға 
балалар 
суреттерін,ертегілерін 
орналастырады. 
Шығармашылықтың осы түрін бейнелеу бала шығармасының өздігімен аяқталуына 
көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет