«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


МУЗЫКА САБАҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН



Pdf көрінісі
бет296/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

МУЗЫКА САБАҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ДАМЫТУ 
 
Батырбекова М.О. 
Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 
 
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен 
тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің 
болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің 
де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудіңалғашқы деңгейі. Сондықтан, 
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының 
қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру 
жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты 
бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. 
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар 
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын 
заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа 
бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр. Қазіргі білім жеке 
адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. 
Өйткені адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен 
тікелей 
байланысты.
Қазіргі білімде «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген 
сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Білім беру саласында 
балалардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін 
жүзеге асыруда музыка орны ерекше. Музыка тәрбиесі балаларды өнер құндылықтарын 
жасауға қатыстыра отырып олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, 
көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Музыка өнері әрбір баланың
әсемдік әлеміне үйретіп қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге 
табиғи жағдай жасайды. Сол себепті білім мүшесін өнерпаздыққа тарту білімі объективті 
қажеттілігі 
және 
заңдылығы 
болуы 
керек.
Заман ағымының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 
жаңа талап-міндеттер қойылуда.Балабақшадағы балалардың жан-жақты,рухани бай,жоғары 
мәдениетті болып қалыптасуына музыка тәрбиесінің қосатын үлесі зор. Нәзік сезімді жас 
бүлдіршіндерді өнерлі,мәдениетті,білімді болып өсуіне балабақшадағы музыка тәрбиесінің 
алатын орны зор.Музыка сабағында балалар:музыка тыңдау,ән салу,аспаптарда ойнау,би 
билеу тәрізді түрлі іс-әрекеттермен айналысады.Балабақшадағы музыка тәрбиесі баларды 
дамытуға,оларды мектепке даярлауға бағыттайтын алғашқа саты.Балалардың жеке 
басындағы дарындылық қасиеттерін,музыкалық ынтасын,қабілетін қалыптастыру процессі 
бірте-бірте, жүйелі түрде жүргізіледі.Әр жастағы балаларға музыкалық білім беру,оларды 
жоспарлы түрде мектепке дайындау мақсатымен ұштастыра жүргізіледі.
Музыка сабақтарында балалардың тыңдау,сезіну,орындаушылық, эмоциялық 
сезімдері қалыптасады. Қазіргі заман музыка жетекшілерінің жұмысы жаңа мазмұнды талап 


671 
671 
етеді-дербес шығармашылық еңбек ете алатын,белсенді іздеуші тұлғаны ,алғыр адамды 
тәрбиелеп шығару.Мектеп жасына дейінгі балалардың қуанышының бастауы музыкадан нәр 
алады.Музыка сабақтарында әртүрлі педагогикалық әдістерді қолдану –ең маңызды 
мақсаттарды шешеді:балалардың ерте музыкалық тәрбиесінің қалыптасуы,музыкалық 
компонентінің құрылымы-балалардың музыкаға деген эмоциялық сезімдерінің дамуы. 
Музыка жетекшісінің алдына қойылытын талап-міндеттер: 
-Баланың музыкалық мәдениетін қалыптастыру,оның рухани өмірін байыту. 
-Музыка өнеріне деген саналы көзқарасты қалыптастыру. 
-Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
-Музыка арқылы балалардың ішкі жан дүниесін байыту. 
Осындай міндеттерді орындау үшін педагогтар жаңа бағдарлама мен 
технологияларды қолданады.Айтып кететін болсам қазіргі «Интеграция», «Жобалау», 
«Вариативтік», «Тәй-тәй» әдістеріміен қолданып жүремін. Осындай технологиялардың 
бірі «Тәй-тәй» халықаралық инновациялық технологиясына ерекше тоқталып кетейін. 
«Тәй-тәй» ағылшынша «Step by step» сөзінен аударылған «Демократталған қоғамға жол» 
деген мағынаны білдіреді. Коммуникативтік,қоғам,адамгершілік,патриотизм,достық сияқты 
ұғымдарға сүйене отырып бағдарлама алдына мынадай талаптарды қояды. Өмір бойы білім 
нәріне сүйсінетін тұлғаны тәрбиелеу. Демократиялық ұстанымы өзара сыйластықпен 
негізделген тәрбиелік ортаны қалыптастыру. Практикалық әдістердің дамуын қамтамасыз 
ету,әдістердің үзілмеуіне кепілдеме ету. «Тәй-тәй» технологиясы біздің ұлттық 
бағдарламаларды жоққа шығармайды,тек жаңа демократиялық бағытпен байытады. Өмір 
талабына 
сай,баланың 
жеке 
басының 
дамуына,білім 
беру 
үдерісіне жанұясының қатысуын қамтамасыз етеді. Музыка сабақтарында «Тәй-тәй» 
технологиясының элементтерін мен де қолданамын. Мен ән сабақтарында жалпы топпен 
жұмыс істеймін ,топшаға бөлмеймін өйткені барлық балалар ән де айтып,би де билегісі 
келеді,сондықтан мен биге икемі бар балаларды жеке бөліп алмай барлығын бірдей 
үйреткенді жөн көремін. «Тәй-тәй» технологиясы бойынша сабақтан бос уақытта ,мысалы 
түстен кейінгі уақыттырда жеке дарынды балалармен жұмыс істеп әр баламен индивидуалды 
түрде жұмыс жүргіземін,әр баланың жасын,қабілетін ескере отырып ата-аналарға да кеңес 
беремін. Музыка сабақтарына ата-аналарды қатыстырғанды жөн көремін.Ашық есік күндері 
ата-аналар сабақтарыма қатысып өз балаларының қабілеттерін байқайды,кеңес алады.Үй 
ішінде қандай музыка тыңдауға болады,қандай шығарамаларды,қалай табуға болады?-деген 
сұрақтар жиі кездеседі.Өзімнің тарапымнан балалардың жастарына байланысты 
шығармаларды беруге тырысамын, ата-анасы түсінетіндей етіп қарапайым шығарамаларды 
ұсынамын. «Тәй-тәй» бағдарламасының негізінде жүргізілген жоғарыдағы аталған 
жұмыстар арқылы біздер оқу-тәрбие үрдісін балалар үшін де, ата-аналар үшін де және 
педагогтар үшін де тиімді етіп ұйымдастыру мүмкіндігін алып отырмыз. Орталықтарда 
сабақтарды өткізу арқылы біздер әр балаға жеке көңіл бөле отырып, оның өзіндік жеке дара 
қасиеттерінің барынша ашылуына жағдай жасаймыз. Себебі, жалпы топпен жұмыс істеген 
кезде бұл мүмкіндік жиі бола бермейді. Балалардың шағын тобында сабақтарды 
ұйымдастырғанда әр бала өзіне деген педагогтың көзқарасын сезіне отырып, өзін әр қырынан 
көрсетуге тырысады. Өйткені ол өз ойының басқаларға өте қызықты екендігін сезінеді. 
Сонымен қатар “Тәй-тәй” бағдарламасы ата-аналарды балабақшаның тыныс-
тіршілігіне тартудың ең бір тиімді жолдарын ашып отыр. Аталған бағдарлама негізінде 
отбасымен қарым-қатынас жасаудың төмендегідей түрлері іске асырылады: 


672 
672 
- бірлескен саяхаттар; 
- әкелерді балабақшаға тарту; 
- қызықты отбасылық кештер; 
- отбасылар арасында өзара достықты орнату т.с.с. 
Осындай қызықты түрде ұйымдастырылған жұмыстар ата-аналар тарапынан жақсы 
көзқарастарды тудырып отыр. Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру 
болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, 
әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болды. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген 
халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына 
айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен 
мәдени 
деңгейін 
жоғарылату 
– 
басты 
міндет.
Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін 
былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы 
дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер, т.б. мәселелерді көтере 
келіп, эстетикалық тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми талдаулар жасады. Ғұлама ғалым 
Әбу Насыр әл Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске 
аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, 
әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға 
болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап 
көрсетеді», т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйретеді. Оқушы эстетикалық сезім мен 
эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Оқушы өз жауабын 
жолдастарының жауаптарымен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе 
жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы 
қалыптасады. Музыка шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Көркемдік 
құралын, көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі 
бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол 
ашады.
Музыка сабақтарында балалар жан-жақты даму барысында алдына көптеген 
мақсаттар қоя біледі. Дәлірек айтсақ, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны 
тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және 
музыкаға қызығушылығын арттыру. Жан-жақты музыкалық даму баланың ішкі дүниесін 
байытады, сонымен қатар музыка өнерін терең және толық қабылдатып қана қоймайды, 
айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Ән айту, музыка тыңдау, 
музыка әдебиеттерімен танысу, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) музыкаға 
тәрбиелеудің міндетті бөлімдері. Музыкалық шығармашылық ән айту, тыңдау, музыкалық 
сауаттылық және музыкалық ырғақ педагогикалық процестермен байланыста болса ғана, 
шығармашылық белсенділік нәтижелі болады. Үйірмелерде оқушылар музыка сабағында 
алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. 
Мектептегі бір сағаттық музыка сабағы оқушылардың музыкалық бейімділігін жете дамыта 
алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық жұмыстарға қатысуы арқылы 
олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың қай түрі болсын, оқушының 
музыка сабағынан алған білімін толықтыруы тиіс. Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-
көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп, 
музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін, 


673 
673 
баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны қызықтыратындай тақырып пен музыкалық 
материал таңдап алғаны жөн. ұйымдастыру алдында біршама дайындық әңгіме жүргізіледі. 
Музыка сабағында да ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез 
меңгеруге, музыкалық шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге болады. 
Бастауышта оқытылатын барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойынның маңызы зор. 
Ойынды әдетте мұғалім сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте пайдаланады. 
Ойын-балалар әрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-
қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне 
әсерін тигізеді. 
Ойын-әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойын 
теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар,психологтар, социологтар 
зерттеуде.Мысалы, жүйелі жүргізілген ойындар кезінде төмендегідей ойындар 
жүргізілді. Эмоцияны дамыту, қарым-қатынас, эмоционалдық дискомфорт жағдайын 
жақсартуға бағытталған ойындардан «Әуенді тап!», “Шатасқан ноталар”, “Кім немесе не үні 
екенін тап”, “Әуенге қозғалыс ойла да, сыйла”, «Музыка арқылы менің эмоцияларым”, 
“Көңіл-күйді көрсет”, “Әнді тап”, “Музыкалы-мимикалық гимнастика” т.б. Ойындық өзара 
әрекет-бұл өмірдің имитациясы емес, бұл баланың қоғамда өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін 
жүзеге асыруына, өзін-өзі бекітуге мүмкіндік беретін ерекше іс-әрекет түрі. Яғни, ойын бала 
тұлғасының әлеуметтік дамуының негізгі факторы. Музыкалық ойындар оқушының 
музыкаға деген құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қоймай, есте сақтау, ойлай 
білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды. 
Әдебиеттер тізімі:
1. Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беру әдістері. Алматы. Рауан 1996. 4.
2. Пернебек Момышұлы. Музыкалы-эстетикалық тәрбиеАлматы 2000. 5.
3. С.Байжұманов. Халық аспаптары оркестрі. Алматы Өнер 1993. 6.
4. К.Әсімбекова,Б.Мұсмафин, Т.Мұстафина, Ж.Таубалдиева. Ән сабағы Алматы Ө 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет