«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет331/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

«Мың бір мақал» ойыны
Ойынның шарты – 3 топқа бөлініп, мақал сайысын өткізу.
І. Мақал айтып, тоқтағанша жарысу.
ІІ. Мақалдың соңын жалғастыру және мәнін, мағынасын ашу.
1.Батыр туса – ел ырысы (Жаңбыр жауса – жер ырысы). 
2.Ат айналып қазығын табар (Ер айналып елін табар).
3.Тіліңмен жүгірме (Біліммен жүгір). 
ІІІ. Белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айту. 
Төрт түлік мал туралы: 
1.Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл-көсір. 
2.Ат ерінді келеді. 
Ер мұрынды келеді. 
Оқу-білім туралы: 
1.Ақыл азбайды 
Білім тозбайды. 
2.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді. 
Төменде оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан үлгілер ұсынамыз. 
Оқушылар құрастырған мақалдар: 
1. Көп сөйлеген адамның досы аз. 
2. Еңбекқор оқушы сабаққа қарайды,

Жалқау оқушы сағатқа қарайды. 
3. Жақыныңа жәрдемдес, 
Дұшпаныңмен мейірімдес. 
4. Жақсы сөз – мақтаныштан артық. 
5. Бірлікті құртатын өтірік. 
6. Тұзсыз аста дәм болмас,

Доссыз тойда ән болмас. 
Мақал-мәтелдердегі оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның әр түрлі жақсы қасиеттері, 
елін сүю, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б. осы іспетті өнегелі сөздер бала 
санасына біртіндеп құйыла береді.[4]


738 
738 
Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, 
мазмұны терең, уақыт өткен сайын мағынасы терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып 
келеді. Мақал-мәтелдердің ұрпақ тәрбиесіндегі орны айрықша, тәрбиелік мәні зор рухани 
байлық. 
Қорыта айта келгенде – мақал-мәтелдерде адамның жан-жақты тәрбие алуына мән 
берілген. Халқымыз өзінің тәлім-тәрбиесін нақыл сөздер арнасына шеберлікпен сыйғыза 
білген, яғни осы тұрғыдан алғанда дидактикалық жанрларының бай екені даусыз. Бұл асыл 
қазынаның оқу - тәрбие үрдісіндегі мәні зор. Осылай ғасырлар бойы жалғасып, көнеден келе 
жатқан көптеген макал-мәтелдердің өз алдына, аңызға айналған, тарихи мазмұны баршылық. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 
//Егемен Қазақстан, 2003, 26 желтоқсан. 
2.
Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы: Жалын, 1991. 
3.
Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы: Ана тілі, 1992, -160 б. 
4.
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. –Алматы: ҚазССР Ғылым академиясы, 1955, -
415 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет