Жаннатта пайғамбарымызды
көре аламыз ба?
Жаннатта ардақты Пайғамбарымызбен көрісеміз. Ол жақта берілетін
ең үлкен нығметтің бірі осы болады. Өмір бойы Пайғамбарымыздың
жүзін көруді, даусын естуді, жанында болғысы келген біз сияқты
пенделер үшін, оның жанында болу бақыты бұйырады. Əрі жүзіне көз
тойғанша қарай аламыз.
Пайғамбарымыздың уақытында оны қатты жақсы көріп, сыйлайтын
сахабалардың бірі: «Біз ақырет күнінде Алланың елшісін көре аламыз
ба?» деп сұрады. Бəрі бұл сұрақтың жауабын білмей, ақыры
Пайғамбарымызға келді. Сонда ол: «Адам өзі жақсы көрген адамымен
бірге болады» деп жауап берді. Бұл жауапқа сахабалар қатты қуанды.
Cебебі олар Алла елшісін жандарынан артық жақсы көретін. Онымен
мəңгілік бірге боламыз деп шаттанған себептері осы болатын.
Жаннатта басқа пайғамбарларды да көреміз. Мысалы, Адам
пайғамбардан бұл дүниеге қалай келгенін, Нұх пайғамбардан топан
судың қалай болғанын, Ибраһим пайғамбардан Намрұд патшамен
болған оқиғаларды, Мұса пайғамбардан перғауынның жасағандарын,
Жүсіп пайғамбардан құдыққа түскен күнін, Иса пайғамбардан қалай
көкке көтерілгенін айтып беруін сұраймыз. Жаннат бақшаларында,
мөп-мөлдір бұлақтардың жанында отырып, пайғамбарлар өмірімен
танысамыз.
Бұлардан басқа əділетті халифалар Əбу Бəкірді, Омарды, Османды,
Алиді көреміз. Олармен емін-еркін сөйлесіп, сырласамыз. Мысалы,
мен Əнас сахабадан Пайғамбарымызға қызмет жасауға келген күні
туралы сұрайтын едім. Муғсаб ибн Умайрдан Ухуд соғысын, Хамзадан
қалай шейіт болғанын... Қаншама ғасырлардан бері аңыз болып жеткен
ерекше ғұмыр иелерінен шын тарихтың қалай болғанын сұраймыз.
Сондай-ақ дінімізге үлкен еңбек сіңірген ғалымдармен де жолығамыз.
Қандай керемет болар еді!
«Сонда араларынан біреу былай дейді: «Менің (дүниеде) бір жан
жолдасым бар еді», Ол маған: «Сен, шынымен де, бұл ертегіге
сенетіндердің қатарындасың ба?!»
«Демек, біз өліп, топыраққа, қаусаған құр сүйекке айналғаннан кейін
қайта тірілтіліп, біріміз қалмай жауапқа тартылады екенбіз ғой, солай
ма?!» – дейтін еді. «Енді оны көргілерің келе ме?» Содан, көз жіберіп,
бір қарағанда-ақ əлгі жолдасын жалындаған жаһаннамның қақ
ортасынан көреді. Сөйтіп, оған: «Алланың атымен ант етейін!
(Өзіңмен қоймай) мені де құрдымға батырып, құрта жаздаған екенсің.
Егер Раббымның (маған нəсіп еткен иман деген) ең үлкен нығметі
болмағанда, мен де тұтылып, қол-аяғы маталған күйде жаһаннамға
əкелінгендердің арасында болар едім», – дейді де, (Жұмақтағы
достарына бұрылып): «Біз енді бұдан былай өлмейміз ғой, солай емес
пе? (Яғни, дүниемен қош айтысқандағы) алғашқы өлімімізді былай
қойғанда (ендігəрі өлмейміз ғой)?! Сондай-ақ ешбіріміз азапқа да
душар болмаймыз, солай емес пе?» – дейді»
37
.
37 «Саффат» сүресі, 51–59-аяттар
|