Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


«Тіл мен әдебиет» білім саласы



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата29.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#179232
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
Алтынсарин. бастауыш Әдістемелік құрал

«Тіл мен әдебиет» білім саласы
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың
әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің
экономикалық
дамуына,
үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі
өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны
мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми
еңбектерде сауаттылық ұғымының
белгілі бір деңгейде ана тілінің
грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеруі екені
байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге
ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен
дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік
сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе
бермейді.
Сауаттылық
мазмұнының
нақты мазмұны дара тұлғаның
дамуына
қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады.
Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік
үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі
айқын кешенді білімдер мен біліктерден
құралатын функционалдық
сауаттылықты меңгеруді де қамтиды. Яғни, «функционалдық сауаттылық»
белгілі бір кезеңге сай субъектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-
әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. Қоғамның дамуына байланысты
сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын
талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір
сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық
сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады.
Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың
әсерінен
қоғамның
адамға
қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде
функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Сауаттылық ұғымы
оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі.
Функционалдық сауаттылық –тілдік тұлғаның әлеуметтік –қоғамдық
ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым,


28
тілдесім)
өзінің
мақсатына
қарай еркін
қолдана алу мүмкіндіктерінің
қалыптасқан жүйесі.
Сұхбаттық
тапсырмалар 
диалогтан 
тұрады. 
Бастауыш 
сынып
оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда диалогты
таңдауымыздың себебі ол күнделікті өмірде қолданылатын ауызша сөйлеу
тілінің ең көп тараған және тілдік қатынастың табиғи түрі. Диалогтың
жағдаяттылығы, 
алдында 
және 
артындағы 
айтылған 
жалпы 
ойға
байланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі
екені ескерілді.
Диалогтік сөйлеуге үйретуде дайындық жаттығулары мен шартты сөйлеу
жаттығулары ұсынылады. Мұнда күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар
алынады. Оқушыларға дайын үлгілерді кезекпен бірнеше мәрте оқытып,
диалогтің сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытылады.
Мысалы:
- Сен бүгін театрға барасың ба?
- Жоқ, бара алмаймын.
- Неге?
- Ауылдан апам келеді. Сол кісіні күтіп алуға автобекетке барамыз.
- Кіммен барасың?
- Мен, бауырым мен қарындасым, әкем –төртеуіміз.
- Анаң ше?
- Ол үйде апама дастархан жайып, ас мәзірін даярлайды.
-Жарайды, жақсы.
Оқушылларды тек жауап беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей,
қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да үйрету аса маңызды. Диалогтің
осындай түрлері де ұсынылды.
Диалогтік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың диалогтік
сөйлеудегі қарапайым дағдылары қалыптасып, сұрақ беру, өтініш айту,
таңдану, бұйыруды
қолдану, бір-бірімен
әңгімелесе білу, мәліметтерді
нақтылап сұрау, тыңдап отырып қайта сұрақ беру, келіспеушілік, толықтыру,
тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік
тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері
жетіледі.
«Мұражайға саяхат» тақырыбында мынадай тапсырма орындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет