Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет57/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

«Алтын жұлдыз» қонақүйі:
Біркісілік бөлме:
25 000 теңге
Екікісілік бөлме:
30 000 теңгеден басталады
Таңертеңгі ас:
(06:00-10:00 бөлме құнымен 
қоса есептелінген)
Көрсетілетін қызмет түрлері:
Мейрамхана: 
12:00-23:00
Жүзу бассейні:
08:00-22:00 (қонақүй 
қонақтарына тегін)
Спортзал/сауна:
08:00-22:00 
(қонақүй 
қонақтарына тегін)
Дүкендер:
08:00-22:00
Сұлулық салоны:
10:00-18:00 (бағалар 
тіркеу бөлімінде)
Теннис/гольф:
10:00-18:00 (бағалар тіркеу 
бөлімінде)
«Әлия» қонақүйі:
Біркісілік бөлме: 
15 000 теңге
Екікісілік бөлме: 
22 000 теңге
Таңертеңгі 
ас:
(07:00-09:00 
Бөлек 
есептелінеді)
Көрсетілетін қызмет түрлері:
Мейрамхана:
12:00-23:00
Спортзал/сауна
08:00-22:00: 
(қонақүй 
қонақтарына тегін)
Дүкен:
08:00-22:00
Сұлулық салоны: 
10:00-18:00 (бағалар 
тіркеу бөлімінде)
Интернетке қосылу тегін


74
iV
 БӨ
ЛІМ
4. Қонақүйге тапсырыс беру формасын толтырыңыз.
Тапсырыс беру
1. Аты-жөніңіз:
_____________________________________________________________________________
2. Туған жылыңыз, күніңіз, айыңыз:
«
________» _______________________________ «_______________»
3. Жынысыңыз:
Ер Әйел
4. Төлқұжат / жеке куәлік нөмірі:
Жеке куәлік

_________________________________
Төлқұжат

_________________________________
5. Жарамдылық мерзімі:
_______________
/
_______________
/
_______________
6. Қанша күнге тоқтайсыз?
________________
.
7. Бөлме түрі:
қарапайым 
жартылай жайлы
өте жайлы 
біркісілік 
екікісілік
Қосымша мәлімет: 
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
5. Сұхбатты оқыңыз.
Рахман қайнарлары
– Біз отбасымызбен демалсақ деп едік. Шығыс Қазақстанда керемет шипажай бар екен. Сол 
туралы не айтасыз?
– О-о-о, тамаша таңдау! Рахман қайнарлары деген шипажай бар. Барсаңыз, өкінбейсіз.
– Балалармен баруға бола ма? Қандай жағдай жасалғанын айтыңызшы. Бағасы қанша болады? 
Биыл шетелге шықпай, туған жеріміздің көрмеген әсем жерлерімен танысайық деп шештік. 
– Табылған ақыл! Бұл жерге барсаңыз керемет табиғат аясында демалып қайтасыздар
сонымен бірге емделіп, денсаулықтарыңызды жақсартуға болады. Қазір сізге ғаламтордан 
көрсетейін. Күте тұрыңыз.
– Әрине, бармас бұрын барлық мәліметтерді біліп алайын деп едім. 
– Ә, міне, таптым! Демалыс орны төрт елдің шекарасымен іргелес жатыр: Қазақстан, Қытай, 
Ресей, Моңғолия. Шипажайдың ең құндылығы ондағы емдік қасиеті бар бұлақтардың болуында. 
Ел ауызындағы аңызға сенсек, бұл бұлақ суларының шипалық қасиетіне ертеде Рахман атты 
аңшы кісі көз жеткізіпті. Ол жаралы маралдың осы суға түсіп қалай емделіп, сауығып шыққанын 
өз көзімен көрген екен.
– Иә-иә, мен де солай деп естігенмін. Жақсы болды. Ал онда көрікті жерлерді аралауға бола
ма? 


75
iV
 БӨ
ЛІМ
– Әрине. «Рахман қайнарлары» тек ем 
алу ғана емес, белсенді демалыс орны. 
Шипажай қызметкерлері сізге «Радостный» 
айлағына 
көкке 
шығуды, 
Патшалар 
жазығына саяхат жасауды, Язовое көлін 
аралауды ұсынады. Бірақ табиғаттың бұл 
жердегі сыйы мұнымен таусылмайды. Белуха 
тауының бауырын атпен аралап, Равновесие 
көлінің 
таңғажайып 
келбетін 
тамашалауыңызға болады. Балық аулауды 
жақсы көрсеңіз, балаларыңызбен Күршім 
өзеніне, Бөкен жылғаларына немесе 
Марқакөлге, Ақ Берелге бара аласыз.
– Тіпті керемет! 
– Сізге демалыс орнына тапсырыс беруге көмектесейін бе?
– Әрине, әрине. Міне, құжаттарым. Мен де соны сұрайын деп отыр едім. Көп рақмет сізге.
– Оқасы жоқ. Бұл біздің жұмысымыз ғой.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет