46
Қорытынды
Жалпы екінші бөлім бойынша тұжырым жасайтын болсақ, қазақ тілінде
қыз балалар арасында грамматикалық ерекшеліктеріне мән беретін болсақ, олар
жаргон және қысқартылған сөздерді өте көп мөлшерде қолданған болса,
лексикалық тұрғыдан қыз балалардың арасында дөрекілік пен боқауыз сөздер
байқалмады. Ал ер балалардың бейресми ауызекі сөйлеу барысындағы
грамматикалық және лескикалық қателіктерінің бірі ол ер балалар өте көп
мөлшерде дөрекі сөздерді яғни лексикалық тұрғыдан мүлдем мәдениеттілікке
жатпайтын сөздерді қолданды. Сонымен қатар ер балалар мен қыз балалардың
сөйлеу барысындсағы ортақ грамматикалық қателіктері сөйлеу кодының ауысуы
болып табылады. Ал ағылшын тілінде қыз балалардың бейресми ауызекі
сөйлеудің грамматикалық және лексикалық қателіктерін ескеретін болсақ, қыз
балларда көбінеке сөздердің қысқартулары мен сленгтарды көп мөлшерде
пайдаланғанын байқаймыз. Ал ер балаларға тоқталатын болсақ, олар өте жоғары
тонда және сөздердің қысқартуларымен қоса балағат сөздерді көп қолданғанын
байқаймыз. Оған қоса ер балалар мен қыз балалардың ортақ сөйлеу барысындағы
қателіктерін ескеретін болсақ, олар грамматикалық тұрғыда сөйлемнің ереже
бойынша құрылу тәртібін кей кездерде сақтамағаны байқалады, және ағылшын
жастары қазақ жастарына қарағанда одағайлар мен қыстырма сөздердің «like,
kind of» сияқты сөздерді көп мөлшерде қолданғанын байқаймыз.
Қорытындылай келе ағылшын және қазақ жастарының ауызекі сөйлеуіне
зерттеу жүргізу арқылы екі тілдің өз-ара ұқсастықтарын байқаймыз. Мысалы
қазақ тілінде қыз балалардың ауызекі сөйлеу тілі ер балалардың сөйлеуіне
қарағанда байсалды, бірқалыпты әрі боқауыз сөздер көп кездеспеген болса,
ағылшын тілінде де дәл осындай белгілер байқалады. Сонымен қатар ағылшын
тілінде ауызекі сөйлеу барысында жастар көбінесе сленгтарды, көптеген
қысқартулар мен одағай және қыстырма сөздеді көп мөлшерде қолданған болса,
қазақ тілінде сөйлейтін жастардың арасында да, осындай белгілер аз кездеспеді.
Қазақ тілінде сөйлем тәртәбі бұзылмағанымен ілгерінді ықпал пен қысқартулар,
сөздердің толық дыбысталмауы сыңды белгілер жиі кездессе, ағылшын тілінде
көбінесе сөйлем тәртібә ереже бойынша сақталмады. Сонымен қатар зерттеу
барысында тағы бір байқаған ерекшелігіміз, ол қазақ жастарының арасында
сөйлеу коды жиі ауысып, тіл тазалығы мүлдем сақталмаған болса, ағылшын
тілінде мұндай белгілер мүлдем байқалмады.
Достарыңызбен бөлісу: