24
ІІ
ОҚЫТУ
МЕН
ТӘРБИЕЛЕУДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1
БІЛІМ БЕРУДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ
Білім берудегі сабақтастық оқушының бір білім деңгейінен екіншісіне
ауысқан
кезінде
психологиялық
және
педагогикалық
дайындығын
қалыптастыруға бағытталып, толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Бұл
сабақтастық бір деңгейден екінші деңгейге тұрақты, үдемелі өтуді қамтамасыз
ететін тиімді құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.
Білім беру деңгейлерінің сабақтастығы, ең алдымен Мемлекеттік жалпы
білім беру стандартымен қамтамасыз етіледі онда сабақтасу байланыстарын
ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, орта білім деңгейлері
бойынша білім мазмұнының сәйкестігі, оқытуды іске асыру тәсілдері, жеке жас
ерекшеліктері, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері негізінде
әрбір баланың дамуы қарастырылады.
«Мектепке дейінгі
-
бастауыш мектеп
-
негізгі мектеп –
орта мектеп»
деңгейлеріндегі бір деңгейден келесісіне өту кезінде оқушы өзі үшін маңызды
сәттерді басынан өткізеді. Білім алушы үшін өтпелі уақыт оқу іс
-
әрекетіне, оқыту
мен тәрбиелеу әдіснамасына, сонымен қатар, құрдастарымен және
мұғалімдермен жаңа қарым
-
қатынасқа, жаңа талаптарға көшу кезіндегі маңызды
кезең болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: