Білім алушыларының
пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары
сыныптарда) құзыреттерін дамытудың жоспарланған нәтижелері
1) табиғи құбылыстарды бақылау, нәтижелерді сипаттау және
қорытындылау; эксперимент нәтижелерін жинау және талдау негізінде талдау
жүргізу;
2) жаратылыстану бағытындағы биология, физика, химия, география
ғылымдары арасындағы байланысты сипаттау; табиғи құбылыстардың өзара
байланысын орнату;
3) қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіруде, денсаулықты сақтауда,
тіршіліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, табиғат байлықтарын ұтымды
пайдалануда, сондай
-
ақ сауатты тұтынушының рөлін орындау үшін
жаратылыстану бағытындағы білімдерді қолдана білу;
4) әр адам үшін жаратылыстану
-
ғылыми білімнің маңыздылығын
түсіндіру, жиналған және өңделген деректерді, кесте, график, хабарлама,
баяндама, презентация түрінде ұсынылатын ақпаратты синтездеу; гипотезалар,
модельдер жасап, зерттеу жүргізу.
Негізгі құзыреттіліктер:
-
ғылыми зерттеуге болатын мәселелерді анықтау;
-
ғылыми ақпаратты табу үшін қажетті кілт сөздерді анықтау;
-
жаратылыстану зерттеулерінің негізгі ерекшеліктерін анықтау.
Құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру
43
-
қажетті жағдайда жаратылыстану білімдерін қолдану;
-
ғылыми негізделген құбылыстарды сипаттау немесе түсіндіру,
өзгерістерді болжау.
Жаратылыстану білімі арқылы негізгі құзыреттерді дамыту үшін
ұсынылатын қажетті минимум:
Физика бойынша:
-
механиканың физикалық шамалары мен түсініктері;
-
электромагнетизм принциптері; әртүрлі физикалық күштердің
құбылыстарға, денелерге әсері; зат пен энергияның өзара әрекеттесуі (мысалы,
жарық пен радиотолқындар, дыбыс және сейсмикалық толқындар).
Химия бойынша:
-
заттың құрылымы
(мысалы, атом моделі);
-
заттың қасиеттері (мысалы, заттың күйінің өзгеруі, жылу және электр
өткізгіштік);
-
заттың химиялық өзгерістері (мысалы, химиялық реакциялар,
энергияның берілуі, қышқылдар / негіздер); заттарды сапалы талдау әдістері;
Биология бойынша:
-
жасуша құрылымы (құрылымы мен қызметі, ДНҚ, РНҚ, өсімдіктер мен
жануарлар жасушалары);
-
тірі организмдердің әртүрлілігі, құрылымы және қызметі (тірі
организмдердің әртүрлілігі, тамақтану, заттардың тасымалдануы, тыныс алу,
қозғалыс, координация және реттелу);
-
популяциялар (эволюция, биологиялық әртүрлілік, генетикалық
вариация);
-
экожүйелер (қоректену тізбектері, заттар мен энергия ағындары);
-
биосфера (экожүйелерді қолдау, тұрақты даму).
География бойынша:
-
география ғылымдары жүйесіндегі Геоэкология, Геоинформатика,
геосаясат, геоэкономика, елтану рөлі; табиғатты пайдалану, экономикалық,
әлеуметтік, саяси география және геосаясат саласындағы негізгі ғылыми
ұғымдар; геосфераларға антропогендік әсердің факторлары, көздері мен
салдары; экологиялық тәуекелдер;
-
қазіргі әлемнің кеңістіктік әртүрлілігі, оның жалпы және аймақтық
ерекшеліктері; табиғаттың, халықтың және экономиканың даму заңдылықтары;
-
қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу мәселелері.
Әрі қарай, кесте түрінде биология бойынша пәндік, метапәндік және негізгі
(жоғары сыныптарда) құзыреттіліктердің мысалдары келтірілген.
«Қоректену»
бөлімшесі
Оқу мақсаты: 8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар
азық
-
түлік тізімін жасау
.
1-
кесте –
«Биология»
пәні бойынша мысалдар
Сұрақтар мен тапсырмалар
Тапсырмалардың күтілетін нәтижелерге бағытталуы
44
Дәрумендер мен денсаулық
арасындағы
байланысты
анықтаңыздар
Құзыреттіліктер:
пәндік:
денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану
ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіре білу
метапәндік:
оқу тапсырмасын орындау үшін ақпаратты
түсіндіре білу
Дәрумен деген не?
Пәндік: дәрумендер және дәремен жетіспеушілігі жайлы
білімі болу
Метапәндік:
Өз ойын сауатты және жүйелі жеткізе білу
Достарыңызбен бөлісу: |