1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет111/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
104 
білуі тиіс. Аталған кезеңде мұғалім білім алушылар «жақсы жұмыс» қандай болатынын және 
бөлім\ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қалай өткізілетінін түсінуі үшін 
бағаланған жұмыстар үлгілерін қолдануына да болады. 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау 
бекітілген бағалау критерийлері ережесіне сәйкес өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар 
бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік 
ұсыныста берілген: 
• жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлімдер бойынша; 
• әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша; 
• тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, 
оқылым, жазылым бойынша анықталады. 
Бөлім және оқу мақсаттарының саны (5-кесте) пәндерге байланысты әр түрлі болуы 
мүмкін. 
Кейбір пәндерден ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес бір тоқсан барысында меңгеру үшін 
1-ден 5-ке дейін бөлімдер берілген. Бөлім бойынша жиынтық бағалау 1 бөлімнен тұрған 
жағдайда тоқсанның екінші жартысында 1 рет, тоқсан соңына дейін 2 аптадан кем емес 
уақытта өткізіледі. 
Осыған байланысты, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың максималды саны 
тоқсанда 3-тен артық болмауы қажет, 4 және одан да көп бөлімдерді меңгеру қажет болған 
жағдайда, мұғалім оқу мақсаттарын есепке ала отырып, бөлімдерді біріктіреді. 
Тілдік пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанда екі рет 
өткізіледі. Әр бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекеттерінің (тыңдалым, 
оқылым, айтылым, жазылым) екі түрі тексеріледі. Сонымен бірге айтылым дағдысын бірінші 
бөлім бойынша жиынтық бағалау уақытында өткізу ұсынылады. Айтылым дағдысын 
бағалауды жиынтық бағалау өткізу жоспарланған апта ішінде сабақ үстінде өткізуге болады. 
Әр білім алушының жауабы шамамен 1-ден 5 минутқа дейінгі уақыт аралығын қамтуы 
мүмкін. 
Бөлім бойынша соңғы жиынтық бағалауды тоқсан соңына дейін 1 аптадан кем емес 
кезеңде өткізу жоспарланады.
Бөлім бойынша жиынтық бағалауды орындау уақытын мұғалім берілген тапсырмалар 
мен оны орындауға кететін орташа уақытты, жұмысты орындауды есепке ала отырып 
анықтайды. Сонымен бірге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды 15-20 
минут уақыт аралығын қамтитындай етіп жоспарлау ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу – 
шартты, сабақтың белгілі бір кезеңін ғана алатындай, шағын көлемді бағалау жұмыстарын 
көрсету мақсатында енгізілген. 
Оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттары жиынтық жұмыстың мазмұнын 
анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыстың 
мазмұнына меңгерген бөлім бойынша білім мен дағдылар деңгейіне жеткенін көрсетуге 
мүмкіндік беретін оқу мақсаттарын қамту ұсынылады. 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру 
кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста көрсетілген үлгілерді 
қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру 
ұсынылады.
1) оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру; 
2) жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін 
анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру; 
3) ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу 
мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау; 
4) әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру; 
5) білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну 
үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру (бағалау 
критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін сипаттау).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет